АСТАНА, 26 тамыз — Sputnik. Алтайда жол апатынан зардап шеккен қазақстандық әйел есін жинады. Бұл ақпаратты Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Sputnik агенттігіне растады.
Монғолия мен Астанадағы туыстары дипломаттармен хабарласып, жақын арада 75 жастағы Хасен Білімбайға аттанады. Аурухананың бас дәрігері айтқандай, әйел адамның денсаулығы Қазақстанға алып жеткізуге жарайды.
Ресейде апатқа ұшыраған қазақстандық әйелдің туыстары іздестіріліп жатыр
Алайда бұл мәселені туған-туыстарымен ақылдасу керек, деп атап өтті сыртқы саясат ведосмтвосы.
Хасен Білімбай Алтайда аударылған микроавтобустың ішінде болған. Әйел адамның басына зақым келіп, жансақтау бөліміне түскен. Бұдан бұрын министрлік қызметкерлері зардап шегушінің туыстарын іздеген болатын.