Әлем

Қан қызыл түсті акула ғалымдарды шошытты

Жазылу
АҚШ-тың Массачусетс штатындағы шағын Труро қаласының жағалауынан өлі жыртқыштың денесі табылған

АСТАНА, 26 тамыз — Sputnik. Қан қызыл түсті акуланы көргенде табиғатты қорғау қызметі өкілдерінің көкейінде сан сұрақ туындады. Жыртқыштың аузы мен қарыны қып-қызыл түске боялған, деп хабарлайды Fox8. Акуланың мұндай түске қалай енгені әлі анықталған жоқ.

Ақ акулаларды қорғау бойынша жергілікті комитет мамандары алып жыртқыш балықтың денесін сойды. Акуланың асқазанынан үш қорғасын зат табылған.

Нақты қорытынды кейінірек хабарланады.

Қазіргі кезде әлемде акулалардың 500-ден астам түрі бар, кейбірінің ұзындығы 20 метрге жетеді.

Туристер алып киттің астында қала жаздады — видео

Жаңалықтар
0