Әлем

Ер адам бір жасар қызын орап алған алып жыланмен айқасты

CC0 / Skeeze / Питон
Питон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам бір жасар қызының дауысын естіп, оған жүгіріп барған кезде баласын үлкен жылан орап алғанын көрген

АСТАНА, 25 тамыз — Sputnik. Гана республикасындағы провинциялардың бірінде жергілікті тұрғын кішкентай қызын жұтқалы жатқан питонмен айқасты, деп жазды citinewsroom.com. 

Отыз сегіз жастағы Эклу Авайи фермада әйелі және қызымен бірге болған. Кенеттен Эклу баласының жан дауысы шыққанын естиді. Ол оған жүгіріп барып, төрт метрлік питон қызды жұтуға дайындалып жатқанын көрген. Фермер қызын бауырымен жорғалаушыдан тартып алуға тырысады, бірақ ол қызды орап алып, жібермей қойған. Ақыр соңында жыланды өлтіруге мәжбүр болған. 

Эклу өлген питонды орталық алаңға алып келіп, жергілікті тұрғындардың зәресін ұшырды. Ол жыланмен айқас қаншалықты қорқынышты екенін айтып, өзін және отбасын аман сақтап қалғаны үшін Құдайға алғысын білдірді.  


Жаңалықтар
0