АСТАНА, 25 тамыз — Sputnik. Қазақстандық джиу-джитсу балуаны Дархан Нортаев Индонезиядағы Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды.
Ұлттық олимпиадалық комитет баспасөз қызметінің мәліметінше, Нортаев 62 келі салмақта күрескен. Спортшы ақтық сында Біріккен Араб Әмірліктері өкілінен басым түсті.
Сонымен, қазақстандық джитсерлер қоржынында бір алтын және екі қола бар.
Индонезиядағы Азиада-2018 ойындары екінші қыркүйекке дейін созылады.
Қазақстандық теннисшілер Азиаданың қола жүлдегері атанды
Кеңес Одағы кезінде Қазақстанның атын шығарған әйгілі спортшылар — фото