Әлем

Михаэль Шумахер тауды көріп жылады

© AFP 2024 / Pornchai KittiwongsakulМихаэль Шумахер
Михаэль Шумахер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атақты спортшы 2013 жылдың соңында шаңғы теуіп жүріп құлап, сал болып қалды

АСТАНА, 24 тамыз — Sputnik.  "Формула-1" жарысының аңыз спортшысы, бүгінде сал болып қалған Михаэль Шумахер көңіл-күйін көз жасымен білдіреді. Бұл туралы оның отбасына жақын адамдар айтты, деп жазды  The Mirror. 

"Оны мүгедектер арбасына отырғызып, тау мен көлдің әсем көрінісіне қаратқанда, ол кейде жылайды", — деді басылымға сұхбат беруші. 

Қазір оның  отбасы Швейцарияда Женева көлінің жағасында орналасқан Гланд қаласында тұрады. Алайда жақында оның әйелі Коринна Испаниядағы Майорка аралынан үй сатып алды, күйеуімен бірге сонда көшпекші.  

Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен Қазақстанның спорт саңлақтары

Шумахер 2013 жылдың желтоқсан айында Францияның Алпі тауларында құлап, сал болып қалған болатын, қазір оның отбасы журналистермен сирек кездеседі, денсаулығы жайлы да көп айта бермейді.   

Шумахердің балалары туралы не білеміз?

Михаэль тауда сол кезде 14 жаста болған ұлымен бірге сырғанаған.   Қазір Мик Шумахер 19-да, ол да автожарыстарға қатысады, екі жылдан бері еуропалық Формула-3 жарысында өнер көрсетіп келеді.

Шумахердің үлкен қызы Джина-Мария 21 жаста. Ол ат спортымен айналысады. 


Жаңалықтар
0