АСТАНА, 24 тамыз — Sputnik. Қазақстан қажылары үлкен қажылықтың рəсімдерін толық бітірді.
Қасиетті қос қала – Мекке мен Мәдинада қажылық маусымы аяқталды, деп хабарлады Қазақстан Мұсылмандарының діни басқармасы.
Арапатта тұру, Мұздалифа мен Минада түнеу, шайтанға тас ату, ифада тауабын жасау, Сафа мен Мəруа жоталары арасында жүру сынды қажылықтың парыздары мен міндеттері орындалды.
Қазақстаннан келген қажылар бүгіннен бастап Мəдина қаласына жолға шығады.
Айта кетейік, биыл елімізден 3000 азамат қажылық парызын өтеуге келді.
Әр елдің қажылары алаңсыз құлшылығын атқару үшін Сауд арабиясы Ішкі істер министрлігінің адамдары ғана емес, азаматтық қауіпсіздік қызметкерлері мен өзге де қарулы күштер қызмет жасады. Медициналық қызметке жүгінген 10 мың төтенше жағдай тіркелді. Олардың дені күн өту, әлсіздік болды. Жедел жәрдем көмегінің арқасында ауыр жағдаймен келіп түскен науқастарға да дер кезінде көмек көрсетілді.
Биыл Сауд Арабиясына 2 миллион мұсылман келген.
- Меккеде қажылық кезінде дауыл тұрып, жұртты әуреге салды
- Бас мүфти Алматы әуежайында отандастарын қажылыққа шығарып салады