АСТАНА, 24 тамыз — Sputnik. Қазақстандық Анна Данилина мен Гозаль Айнитдинова ұлттық құрамаға теннистен Азиада-2018 ойындарының алғашқы медалін әкелді, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитет.
Жартылай финалда қыздарымыз Тайбэйдің теннисшілерінен жеңіліп, үшінші орынға табан тіреді.
Теннисші арулардан бөлек, жұма күні Азиадада қазақстандықтар Александр Бублик пен Денис Евсеев жұптық разрядта еліміздің намысын қорғайды.
Бұдан бұрын жеке разрядта Анна Данилина мен Александр Недовесов жартылай финалға шықты, олар Жапония спортшыларын ұтқан болатын.