Спорт

"Сенбей тұрмын". Азия ойындарында Қазақстан спортшысы жүлдеге ілінді

© Photo : Официальный сайт НОК РКҚазақстандық Александра Опачанова Азия ойындарында академиялық есуден күміс медаль алды
Қазақстандық Александра Опачанова Азия ойындарында академиялық есуден күміс медаль алды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Александра Опачанова Азия ойындарында академиялық есуден үздік үштікке енді

АСТАНА, 23 тамыз — Sputnik. Бүгін Палембангта академиялық есуден финалдық бәсекелер өтіп жатыр. Әйелдер арасындағы жекелей сында Александра Опачанова үздіктер қатарына енді, деп хабарлайды  Ұлттық олимпиадалық комитет.

Дмитрий Баландин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Азиада-2018: Қазақстанның қоржынында 12 медаль бар

Ол Қытай және Тайпей спортшыларын алға жіберіп, мәреге үшінші болып келді.

"Шынымды айтсам, үшінші болып келгеніме сенген жоқпын. Сәл жетпей қалдым ба деп ойладым. Өйткені, менің мәреге жеткенімді айғақтайтын дыбыс белгісі естілген жоқ. Бұл жүлдеге жету үшін менің неден өткенімді білсеңіздер ғой?! Қуанышымда шек жоқ! Құттықтауларыңызға рахмет! Өйткені, жанкүйердің қолдауы ерекше сезілді", — дейді Опачанова. 

Кеңес дәуірінде атағы бүкіл одаққа жайылған қазақстандық спортшылар

Осылайша, бүгінгі жарыс күніндегі алғашқы медаль қоржында. Бұл академиялық есуден биылғы Азия ойындарында жеңіп алған тұңғыш жүлдеміз.

Сондай-ақ, академиялық есуден ерлер арасындағы финалдық кезеңде бақ сынаған В. Яковлев қолаға қол созым жерден тоқтап, 4-ші орын иеленді. 

Қыршынынан қиылған қазақстандық спортшылар туралы не білеміз?  

Жаңалықтар
0