Өңірлер

Фотодерек: Қарағандыда химиялық заттан қорғайтын киімдегі адамдар көзге түсті

© Photo : официальный сайт акимата Карагандинской областиҚарағандыда зымыран бөлшектерінің құлау салдарын жою бойынша оқу-жаттығулар өтті
Қарағандыда зымыран бөлшектерінің құлау салдарын жою бойынша оқу-жаттығулар өтті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Химиялық улы заттардан қорғайтын арнайы костюмдегі полицейлер мен төтенше жағдай қызметкерлері далада зымыран жанармайының ағып кетуінен шыққан өртті сөндірді. Қарағандыда оқу-жаттығулар кезінде осындай оқиға әдейі ұйымдастырылған

Бірігіп жүргізілген оқу-жаттығулар барысында әртүрлі ведомстволардың тасымалдаушы зымыран бөлшектерінің құлауы салдарынан туындайтын төтенше жайттарға дайындығын көрінеді, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің сайты.

Оқу-жаттығулар сценарийі бойынша құтқарушылар қауіпті аймақты қоршап, радиация мөлшері мен химиялық ластану деңгейін өлшеп, гептилдің төгілу аумағын анықтады. Сол кезде тағы бір өрт сөндірушілер жасағы далада шыққан өртті сөндірді.

© Photo : Қарағанды облысы әкімдігіҚарағандыда зымыран бөлшектерінің құлау салдарын жою бойынша оқу-жаттығулар өтті
Қарағандыда зымыран бөлшектерінің құлау салдарын жою бойынша оқу-жаттығулар өтті - Sputnik Қазақстан
Қарағандыда зымыран бөлшектерінің құлау салдарын жою бойынша оқу-жаттығулар өтті

Өрт сөндірушілер химиялық бұлтты ұстап тұру үшін арнайы техника қолданды. Сұйықтықты желдің бағытына қарсы шашқан.

Қарағанды облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Марат Қатпановтың айтуынша, гептил төгілген топырақты арнайы аймаққа шығарып, орнына улы затты зарарсыздандыратын ерітінді құяды.

© Photo : Қарағанды облысы әкімдігіҚарағандыда зымыран бөлшектерінің құлау салдарын жою бойынша оқу-жаттығулар өтті
Қарағандыда зымыран бөлшектерінің құлау салдарын жою бойынша оқу-жаттығулар өтті - Sputnik Қазақстан
Қарағандыда зымыран бөлшектерінің құлау салдарын жою бойынша оқу-жаттығулар өтті

Тасымалдаушы зымыран бөлшектерінің құлауы салдарын жоюға "Роскосмос" ұйымы жауапты, ал апат елді мекендерге жақын жерде болса, қазақстандық құтқарушылар да көмекке келеді.

Жаңалықтар
0