Қоғам

Астананы тағы су басуы мүмкін

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуНөсер жауын, архивтегі сурет
Нөсер жауын, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осы аптада ұзаққа созылған жаңбырдан кейін Астананың көшелерін су басып қалды

АСТАНА, 23 тамыз — Sputnik. Астанада жұмадан жексенбіге дейін тағы да қатты жаңбыр жауады.  

Нөсер жауын - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Әдетке айналып бара жатқан сияқты". Сағынтаев Астана әкіміне ескерту жасады

"Қазгидромет" ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жариялады.

"Астана қаласында 24 тамыз күні күндіз және 25 тамыз күні түнде қатты жаңбыр жауады. 24-26 тамызда найзағай ойнайды деп болжануда, 24 тамызда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 24-26 тамыз аралығында күндіз бұршақ жауады", — деп хабарлады синоптиктер.

Ақмола облысының тұрғындарын да осындай ауа райы күтіп тұр. 

Айта кетейік, апта басында Астанада бір жарым тәуліктің ішінде бір айлық жауын жауды. Салдарынан қаланың кейбір аудандарын су басып қалды. Жол телімдері жабылып, қоғамдық көліктің бағдары өзгертілді.   

Елорда әкімі Әсет Исекешев сәрсенбідегі үкімет отырысында жаңбыр суына қатысты мәселе 2019 жылы шешімін табатынын мәлімдеді.  


Жаңалықтар
0