АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Уфа — Сочи рейсін орындаушы, 200-ден астам жолаушы мінген ұшақ қозғалтқышынан өрт шығып, әуежайға орады.
"Жергілікті уақыт бойынша 5.06 кезінде Уфа — Сочи рейсін орындаушы "Ред Вингс" әуекомпаниясының Ту-204 ұшағы "Уфа" әуежайына апаттық жағдайда қонуға мәжбүр болды. Бортта 202 жолаушы болған. Зардап шеккендер жоқ", — деп хабарлайды РИА Новости Уфа әуежайы сайтына сілтеме жасап.
Жолаушылардың бірі қозғалтқыштың өртенген сәтін видеоға түсіріп алыпты.
"Сочиге сапарға аттанып едік, әуеде қозғалтқыш жана бастады! Аман-есен жерге қонып, төбешіктен домалап түстік. Бәрін тез арада сөндіріп алды. Зәреміз зәр түбіне кетті", — деп жазады ер адам.
Мексикада құлаған ұшақтың апатқа ұшыраған сәті — видео
Ұшақ рейстерден алынып тасталған, қазір оқиға тергеліп жатыр.
"Уфа" әуежайы ашық, рейстер кесте бойынша орындалуда.
Ұшақтың құлап бара жатқан сәтін жолаушы видеоға түсіріп алған