Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Кеңес дәуірінде Қазақстаннан шыққан спорт жұлдыздары

Жазылу
Sputnik агенттігі кеңес дәуірі кезінде Қазақстанның атын шығарған спортшыларды еске алуды ұсынады

Олардың атағы бүкіл Одаққа жайылды. Біздің қаһарман спортшыларымыз әлемдік біріншіліктер мен олимпиада ойындарында биіктерден көрініп, әртүрлі жарыстардың жеңімпазы атанды.

Бүгінгі фотосуреттер топтамасында өскелең ұрпаққа үлгі болар Кеңес Одағы кезінде спорт шыңын бағындырған отандастарымызды назарларыңызға ұсынамыз.

Азиада-2018: бүгін қай спортшылар Қазақстан намысын қорғайды?

Қыршынынан қиылған бес қазақстандық спортшы

© Sputnik / Долягин / Медиабанкке өтуИВАН ГАРАНИН – КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері. 1976 жылы Инсбургтегі Олимпиадада екі қола медаль алған, әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Қостанай облысында дүниеге келіп, әскерден кейін шаңғы жарысымен айналыса бастаған. Сол кезде бапкерлердің көзіне түсіп, кейінірек КСРО құрамасына шақырылды.
Шаңғышы Иван Гаранин - Sputnik Қазақстан
1/12
ИВАН ГАРАНИН – КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері. 1976 жылы Инсбургтегі Олимпиадада екі қола медаль алған, әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Қостанай облысында дүниеге келіп, әскерден кейін шаңғы жарысымен айналыса бастаған. Сол кезде бапкерлердің көзіне түсіп, кейінірек КСРО құрамасына шақырылды.
© Sputnik / А. Клюев / Медиабанкке өтуСЕРІК ҚОНАҚБАЕВ – еңбек сіңірген спорт шебері. Павлодар облысында туып, 14 жасынан бастап бокспен шұғылданады. 1980 жылы Мәскеуде өткен жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының күміс иегері (1982), Әлем кубогінің екі дүркін жеңімпазы (1979, 1981), Еуропаның екі дүркін чемпионы (1979, 1981). Қызықты дерек – Серік Қонақбаев "Тайны мадам Вонг" және "Пираты XX века" шытырман фильмдеріне түскен.
Боксшы Серік Қонақбаев - Sputnik Қазақстан
2/12
СЕРІК ҚОНАҚБАЕВ – еңбек сіңірген спорт шебері. Павлодар облысында туып, 14 жасынан бастап бокспен шұғылданады. 1980 жылы Мәскеуде өткен жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының күміс иегері (1982), Әлем кубогінің екі дүркін жеңімпазы (1979, 1981), Еуропаның екі дүркін чемпионы (1979, 1981). Қызықты дерек – Серік Қонақбаев "Тайны мадам Вонг" және "Пираты XX века" шытырман фильмдеріне түскен.
© Sputnik / А. Родионов / Медиабанкке өтуЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ – КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (суретте – оң жақта). Жамбыл облысында дүниеге келген. Балалық шағында ұлттық спорт түрі – қазақша күреспен айналысып, студент кезінде еркін күреске ауысып, кейінірек грек-рим күресімен шұғылдана бастайды. 1980 жылы Мәскеудегі Олимпиадада мықты балуандардан басым түсіп, финалда болгар спортшысы Павел Христовты жеңіп, алтын жүлдегер атанған.
Жақсылық Үшкемпіров (оң жақта) - Sputnik Қазақстан
3/12
ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ – КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (суретте – оң жақта). Жамбыл облысында дүниеге келген. Балалық шағында ұлттық спорт түрі – қазақша күреспен айналысып, студент кезінде еркін күреске ауысып, кейінірек грек-рим күресімен шұғылдана бастайды. 1980 жылы Мәскеудегі Олимпиадада мықты балуандардан басым түсіп, финалда болгар спортшысы Павел Христовты жеңіп, алтын жүлдегер атанған.
© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуБОРИС АЛЕКСАНДРОВ – КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері. Өскемен қаласында туып, хоккеймен шұғылданған. Жергілікті "Торпедо" клубының шәкірті мәскеулік бапкерлердің көзіне түсіп, кейінірек әйгілі бапкер Анатолий Тарасов жетекшілік еткен ЦСКА клубында ойнайды. КСРО құрамында Александров олимпиада чемпионы атанған (Инсбург, 1976 жыл).
Хоккейші Борис Александров - Sputnik Қазақстан
4/12
БОРИС АЛЕКСАНДРОВ – КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері. Өскемен қаласында туып, хоккеймен шұғылданған. Жергілікті "Торпедо" клубының шәкірті мәскеулік бапкерлердің көзіне түсіп, кейінірек әйгілі бапкер Анатолий Тарасов жетекшілік еткен ЦСКА клубында ойнайды. КСРО құрамында Александров олимпиада чемпионы атанған (Инсбург, 1976 жыл).
© Sputnik / Дмитрий Донской / Медиабанкке өтуАНАТОЛИЙ ХРАПАТЫЙ – КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері. Ақмола облысында дүниеге келген. Анатолий Храпатый бес дүркін әлем және Еуропа чемпионы, 1988 жылы Сеулде өткен Олимпиада жеңімпазы, 1996 жылғы Атлантадағы Олимпиаданың күміс жүлдегері.
Зілтемірші Анатолий Храпатый - Sputnik Қазақстан
5/12
АНАТОЛИЙ ХРАПАТЫЙ – КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері. Ақмола облысында дүниеге келген. Анатолий Храпатый бес дүркін әлем және Еуропа чемпионы, 1988 жылы Сеулде өткен Олимпиада жеңімпазы, 1996 жылғы Атлантадағы Олимпиаданың күміс жүлдегері.
© Sputnik / Андрей Голованов / Медиабанкке өтуВЛАДИМИР САХНОВ – КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері. Владимир Сахновтың ең үздік жетістігі – 1988 жылғы Калгаридегі Олимпиадада эстафета жарысынан күміс медаль иеленуі. 1987 жылы әлем чемпионатында күміс жүлде алып, 50 километрлік шаңғы жарысынан үш рет КСРО чемпионы болған.
Шаңғышы Владимир Сахнов - Sputnik Қазақстан
6/12
ВЛАДИМИР САХНОВ – КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері. Владимир Сахновтың ең үздік жетістігі – 1988 жылғы Калгаридегі Олимпиадада эстафета жарысынан күміс медаль иеленуі. 1987 жылы әлем чемпионатында күміс жүлде алып, 50 километрлік шаңғы жарысынан үш рет КСРО чемпионы болған.
© Sputnik / Владимир Родионов / Медиабанкке өтуАНАТОЛИЙ БЫКОВ – спортшының балалық шағы мен бозбала кезі Алматыда өткен, осы жерден бастап күреспен шұғылданады (суретте – оң жақта). 1976 жылы Монреальдегі Олимпиадада чех күресшісі Витезслав Мохамен бақ сынасып, алтын жүлдегер атанды, бұрын дәл осы балуаннан әлем чемпионы атағын жеңіп алған еді. Олимпиада чемпионы Мәскеуде бұл жетістігін қайталай алмай, екінші орынға табан тіреді.
Күресші Анатолий Быков (оң жақта) - Sputnik Қазақстан
7/12
АНАТОЛИЙ БЫКОВ – спортшының балалық шағы мен бозбала кезі Алматыда өткен, осы жерден бастап күреспен шұғылданады (суретте – оң жақта). 1976 жылы Монреальдегі Олимпиадада чех күресшісі Витезслав Мохамен бақ сынасып, алтын жүлдегер атанды, бұрын дәл осы балуаннан әлем чемпионы атағын жеңіп алған еді. Олимпиада чемпионы Мәскеуде бұл жетістігін қайталай алмай, екінші орынға табан тіреді.
© Sputnik / Юрий Абрамочкин / Медиабанкке өтуВИКТОР ДЕМЬЯНЕНКО – еңбек сіңірген спорт шебері (фотода – оң жақта). Алматыда дүниеге келіп, бала кезінде бірнеше спорт түрімен айналысқан, кейін тек бокс жолына ғана түседі. КСРО чемпионатында жетістікке жетіп, 1980 жылы Мәскеудегі Олимпиада ойындарында жүлдеге таласады. Финалда кубалық боксшы Анхель Эррерамен жұдырықтасып, қабағы жарылып кеткендіктен, күміс жүлдегер атанған. Сонымен бірге, Еуропа чемпионатында бір алтын, бір қола медаль иеленген.
Бокшсы Виктор Демьяненко (оң жақта) - Sputnik Қазақстан
8/12
ВИКТОР ДЕМЬЯНЕНКО – еңбек сіңірген спорт шебері (фотода – оң жақта). Алматыда дүниеге келіп, бала кезінде бірнеше спорт түрімен айналысқан, кейін тек бокс жолына ғана түседі. КСРО чемпионатында жетістікке жетіп, 1980 жылы Мәскеудегі Олимпиада ойындарында жүлдеге таласады. Финалда кубалық боксшы Анхель Эррерамен жұдырықтасып, қабағы жарылып кеткендіктен, күміс жүлдегер атанған. Сонымен бірге, Еуропа чемпионатында бір алтын, бір қола медаль иеленген.
© Sputnik / Долягин / Медиабанкке өтуӘЛЖАН ЖАРМҰХАМЕДОВ – Оңтүстік Қазақстан тумасы (суретте – оң жақта). 1972 жылы Мюнхендегі Олимпиада ойындарының финалында соңғы секундтарда АҚШ құрамасынан жеңісті суырып алып, чемпион атанған КСРО құрамасының мүшесі. Баскетбол құрамасы сапында 1976 жылы Монреальдегі Олимпиаданың қола жүлдесін иеленген. Жақында прокатқа шыққан "Движение вверх" фильмінде Әлжан Жармұхамедовтың да тағдыры көрсетілді. Көзі дұрыс көрмесе де, баскетболшы өз қатарластарына дес бермейтін.
Баскетболшы Әлжан Жармұхамедов (суретте – оң жақта) - Sputnik Қазақстан
9/12
ӘЛЖАН ЖАРМҰХАМЕДОВ – Оңтүстік Қазақстан тумасы (суретте – оң жақта). 1972 жылы Мюнхендегі Олимпиада ойындарының финалында соңғы секундтарда АҚШ құрамасынан жеңісті суырып алып, чемпион атанған КСРО құрамасының мүшесі. Баскетбол құрамасы сапында 1976 жылы Монреальдегі Олимпиаданың қола жүлдесін иеленген. Жақында прокатқа шыққан "Движение вверх" фильмінде Әлжан Жармұхамедовтың да тағдыры көрсетілді. Көзі дұрыс көрмесе де, баскетболшы өз қатарластарына дес бермейтін.
© Sputnik / Юрий Сомов / Медиабанкке өтуАНАТОЛИЙ НАЗАРЕНКО – еңбек сіңірген спорт шебері. Алматыда дүниеге келіп, дәл осы қалада күреспен белсенді айналыса бастайды. Әлемнің үш дүркін чемпионы, екі дүркін Еуропа чемпионы. Анатолий Назаренконың (суретте – сол жақта) ең басты жетістігі – 1972 жылы Мюнхендегі Олимпиадада күміс жүлдегер атануы.
Күресші Анатолий Назаренко (сол жақта) - Sputnik Қазақстан
10/12
АНАТОЛИЙ НАЗАРЕНКО – еңбек сіңірген спорт шебері. Алматыда дүниеге келіп, дәл осы қалада күреспен белсенді айналыса бастайды. Әлемнің үш дүркін чемпионы, екі дүркін Еуропа чемпионы. Анатолий Назаренконың (суретте – сол жақта) ең басты жетістігі – 1972 жылы Мюнхендегі Олимпиадада күміс жүлдегер атануы.
© Sputnik / Юрий Сомов / Медиабанкке өтуҒҰСМАН ҚОСАНОВ – КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері. Шығыс Қазақстан тумасы. Шаңғы жарысымен, футболмен айналысқан, бірақ нағыз спорттық дарыны жеңіл атлетикада ашылады. 1960 жылы Римдегі Олимпиадада Ғұсман Қосанов (суретте – оң жақ шетте) эстафеталық команда құрамында күміс жүлде иеленген.
Ғұсман Қосанов (суретте – оң жақ шетте) - Sputnik Қазақстан
11/12
ҒҰСМАН ҚОСАНОВ – КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері. Шығыс Қазақстан тумасы. Шаңғы жарысымен, футболмен айналысқан, бірақ нағыз спорттық дарыны жеңіл атлетикада ашылады. 1960 жылы Римдегі Олимпиадада Ғұсман Қосанов (суретте – оң жақ шетте) эстафеталық команда құрамында күміс жүлде иеленген.
© Sputnik / Сафронов / Медиабанкке өтуНЕЛЛИ КИМ – еңбек сіңірген спорт шебері. Кеңес гимнастикасының аты аңызға айналған жұлдызы Тәжікстанда дүниеге келген. Қыздары туған соң ата-анасы көп ұзамай Қазақстанға көшіп келеді. Бес дүркін олимпиада чемпионы, бес дүркін әлем чемпионы, екі дүркін Еуропа чемпионының спорттық мансабы Шымкент қаласынан басталған.
Гимнаст Нелли Ким - Sputnik Қазақстан
12/12
НЕЛЛИ КИМ – еңбек сіңірген спорт шебері. Кеңес гимнастикасының аты аңызға айналған жұлдызы Тәжікстанда дүниеге келген. Қыздары туған соң ата-анасы көп ұзамай Қазақстанға көшіп келеді. Бес дүркін олимпиада чемпионы, бес дүркін әлем чемпионы, екі дүркін Еуропа чемпионының спорттық мансабы Шымкент қаласынан басталған.
Жаңалықтар
0