Қоғам

ІІМ Атырау полициясының басшысы ойынханада неғып жүргенін түсіндірді

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуКазино
Казино - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, видео 2014 жылы түсірілген және кадрда шынымен де Аян Дүйсембаев көрініс тапқан

АСТАНА, 22 тамыз— Sputnik.  Қазақстан Ішкі істер министрлігі Атырау облысы Ішкі істер департаментінің басшысына ұқсайтын ер адамның казино ойнап жатқаны түсірілген видеоға түсініктеме берді

 Әлеуметтік желілерде жарияланған видео 2014 жылдың қазан айында түсірілген болып шықты. 

"Сол уақытта Атырау облысының Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары болған Дүйсембаев демалыс кезінде отбасымен, досымен бірге Минскіде болған. Оның досы танысының ойынханасына шақыртумен барған. Алайда оған әйелі қарсы болып, оны ойын ойнамауға көндіру үшін Дүйсембаевтан казиноға келуді өтінген, ойынханаға баруына осы жағдай себеп болған", — деп түсіндірді Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының қызметкерлері Дүйсембаев ойынға қатыспағанын атап өтті. Ол 2014 жылдың қазанында жүргізілген тексеріс кезінде расталған.


Жаңалықтар
0