Қоғам

Астананы су алып кетті: сенаторлар шара қолдануды талап етеді

© SputnikАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана нөсер жауынға дайын емес, елорданың абыройына нұқсан келді, деп мәлімдеді сенат төрағасы

АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың табиғи құбылыстарға дайын емес екенін айтып, нөсер жауыннан кейін көшелерді су алып кеткеніне наразылығын білдірді.

"Президенттің тапсырмасына қарамастан, нөсер жаңбыр және басқа табиғи құбылыстарға дайын емес. Елорда тұрғындары зардап шегіп, Астананың халықаралық беделіне нұқсан келуде", — деп жазды Twitter парақшасында.

​Оның айтуынша, "бұл мәселені елорданың 20 жылдығына жеткізбей шешуге болатын еді". Парламенттің жоғарғы палатасының спикері айтқандай, "сенаторлар шұғыл шара қолдануды талап етеді".

Қытайды топан су басып жатыр — видео

Кеше елордалық әкімдік хабарлағандай, тамыздың 20-сынан 21-іне қараған түні бір айлық жауын-шашын мөлшерінде жаңбыр жауды. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп, нөсер жауыннан кейін су алып кеткен учаскелерді әлі анықтап жатыр.

Қала тұрғындары әлеуметтік желіде көшелерді су басып кеткен суреттер мен видеоларды жариялауда. Қала даңғылдарының бірінде кей астаналықтар көшенің арғы бетіне өту үшін үрлеме қайыққа мінуге шешім қабылдапты.

Жаңалықтар
0