Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 22 тамыз

© Sputnik / Владислав ВодневКүнтізбе - 22 тамыз
Күнтізбе - 22 тамыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл - Григориан күнтізбесінде 234-ші күн. Жыл соңына дейін 131 күн бар

22 тамызда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

22 тамызда қандай айтулы оқиға болды

Ресейде бүгін Мемлекеттік ту күні аталып өтеді. Мереке алғаш рет 1994 жылы 22 тамызда тойлана бастады. Ресей президенті тарихи, дәстүрлі, үш түсті туды қайта қолданысқа енгізу туралы жарлыққа қол қойған болатын. РФ мемлекеттік туы ақ, көк және қызыл түстен тұрады. Ақ түс тазалықты білдірсе, көк – адалдықтың немесе киелі Құдай ананың бейнесі, қызыл түс – орыс халқының кең пейілінің нышаны. Үш түсті ту алғаш рет 1667 жылы Алексей Михайлович патшаның кезінде "Бүркіт" атты кемеге тігілген екен. Кейінірек Петр I заманында тудың ортасында екі басты бүркіт бейнелене бастады. Ал 1858-1883 жылдар аралығында Ресей туының түстері мүлдем өзгертіліпті: ақ, сары және қара.

Сонымен қатар бүгін – Халықаралық дін және наным-сенім негізіндегі зорлық-зомбылық құрбандарын еске алу күні. Бұл мейрамды 2019 жылдың мамырында БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен. Тарихқа көз жүгіртер болса, діни немесе басқа наным-сенімге негізделген зорлық-зомбылыққа ұшырап, құрбан болған адамдар қаншама. Ежелгі Римдегі христиандарды қуғындау, Крест жорығы кезінде христиан рыцарьларының мұсылмандарды қырып-жоюы, католиктер мен протестанттар арасындағы қақтығыс және тағы басқалары. БҰҰ Бас Ассамблеясы бұл атаулы күнді бекіту арқылы барлық мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымды, барлық діни конфессия өкілдерін дін және наным-сенім негізіндегі зорлық-зомбылық құрбандары мен зардап шеккендерді еске алуға шақырады.

Сонымен бірге бүгін – Коми Республикасының құрылған күні. Ресми мереке әрі демалыс күнінде салтанатты жиындар, мерекелік концерттер өтіп, Коми Республикасы құрылған күнді халық жаппай тойлайды. 1921 жылы 22 тамызда Коми әуелі автономды облыс ретінде құрылып, кейін 1936 жылы РКФСР құрамындағы автономды республика мәртебесін алды.  Халық санағы деректері бойынша, республика құрылғаннан кейін бес жыл өткен соң тұрғындардың 90 процентінен астамы коми ұлты болды.

22 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1851 жылы Австралияда алтын кен орындары табылды;

1864 жылы алғашқы Женева конвенциясына қол қойылды;

1865 жылы Уильям Шепперд сұйық сабынға патент алды;

1932 жылы BBC сынақ түрінде телехабар таратуды бастады; 

1985 жылы Манчестерде Boeing 737 апатқа ұшырап, 55 адам қаза тапты;

1988 жылы Австралияда коала бейнеленген алғашқы платина монета шығарылды; 

1990 жылы "Эхо Москвы" тәуелсіз радиостанциясы хабар тарата бастады;

2002 жылы Таиланд билігі пілдерді қала ішінде жүріп-тұру үшін пайдалануға тыйым салды.

22 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1831 жылы Ақмола сыртқы округі мен Ақмола дуаны құрылды;

1909 жылы Уфа қаласында ақын Міржақып Дулатовтың "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көрді; 

1989 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған "Тіл туралы" заңға сәйкес, Қазақстанда қазақ тілі — мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды;

2005 жылы Павлодар облысында кірпіш шығаратын кәсіпорын іске қосылды; 

2011 жылы елордалық гарнизон базасында "Барыс" түнгі іздеу тобы құрылды;

2015 жылы Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Қарақаба жазығында Халықаралық түркі академиясы ұйымдастырған "Алтай  - алтын бесігім" атты алғашқы халықаралық археологиялық экспедиция аяқталды;
2017 жылы Арал маңындағы Қорқыт ата ескерткіш кешенінен қобыздың мүсіні табылды. Ғалымдар оны оғыздар дәуіріне жатқызды.

22 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

1920 жылы америкалық жазушы Рэй Брэдбери дүниеге келді;

1966 жылы Украинаның еңбек сіңірген әртісі Ольга Сумская дүниеге келді;

1974 жылы ресейлік актер, Татарстанның еңбек сіңірген әртісі, тележүргізуші Марат Башаров дүниеге келді;

1988 жылы ресейлік футболшы, Ресей құрамасы мпен "Зенит" клубының шабуылшысы, Ресейдің спорт шебері Артем Дзюба дүниеге келді;

1995 жылы британ әншісі, модель Дуа Липа дүниеге келді.

22 тамызда Қазақстанда кім туды

1946 жылы ақын, ақын, жырау, қазақ ауыз әдебиетінің өкілі Көшеней Рүстембекұлы өмірге келді; 

1948 жылы медицина ғылымының кандидаты, Нью-Йорк ғылым академиясының мүшесі, АҚШ Ұлттық географиялық қоғамының мүшесі Болат Мырзалиев дүниеге келді;

1955 жылы жазушы, журналист, "Үркер" журналының бас редакторы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Қуандық Түменбайұлы дүниеге келді;

1966 жылы Нұр-Сұлтан қаласы филармониясының музыкалық дәріс берушісі, Бүкілодақтық байқаудың лауреаты Жансұлу Жүзбаева дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Торпақ белігісінде орналасады. Өте ауыр күн, басыңызды бәйгеге тікпегеніңіз жөн, әтпесе сәтсіздікке тап болып, олжадан құр қалуыңыз ықтимал. Жора-жолдастарыңызға бір көз жүгіртіп, қажетсіз адамдардан арылғаныңыз дұрыс, оларға күш-қуатыңызды арнаудың қажеті жоқ.

Жаңалықтар
0