Экономика

Жалақы екі есе өседі – мемлекеттік қызметшілердің еңбегі жаңаша бағаланбақ

CC0 / Lukas / Ер адам
Ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа жүйеге сәйкес, жалақы кепілдендірілген қызметтік еңбекақы мен бонустардан құралады

АСТАНА, 20 тамыз — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің еңбегін бағалаудың жаңа жүйесін енгізуге тапсырма берді. Бұл туралы Елбасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевпен кездесуі барысында айтылды, деп хабарлайды Ақорда.

Мұғалім - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мұғалімдердің жалақысы тағы өседі, директорлар тек 4 жылға тағайындалады

Кездесу барысында Мемлекет басшысына бұған дейінгі берілген тапсырмалардың орындалуы және алдағы кезеңге арналған жоспарлары жөнінде баяндады.

"Бүгінде екі министрлік пен екі әкімдік базасында пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде осы мемлекеттік органдардағы қызметшілердің жалақысы екі еседен астам өсті. Бұл құзыреттілігі жоғары мамандарды жұмысқа қабылдауға мүмкіндік береді. Осы тәжірибені мемлекеттік қызметтің барлық жүйесіне тарту қажет", – деді Қазақстан президенті.

Венесуэла президенті ең төменгі жалақы мөлшерін 60 есе өсірді

Сонымен бірге, агенттік төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды күшейтуге, көрсетілетін мемлекеттік қызметті электронды форматқа көшіруді жалғастыруға, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын және мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының дербес жауапкершілігін арттыруға қатысты қабылданған шаралар туралы баяндады.

Кездесу соңында мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Мұғалімдерге үстемақы қалай және қашан төленеді?

Жаңалықтар
0