АСТАНА, 20 тамыз — Sputnik. Қазақстан энергетика министрі Қанат Бозымбаев Ресейден теміржол көлігімен бензин әкелуге тыйым салу туралы бұйрыққа қол қойды.
Тыйым үш ай мерзімге енгізіліп отыр.
16 тамызда БАҚ-та жарияланған бұйрық ресми жария етілгеннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң, яғни 26 тамызда күшіне енеді.
Бұған дейін Қазақстанның энергетика министрлігі тыйым салудың себептерін түсіндірген болатын.
Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, Қазақстанда мұнай өңдеу зауыттарын модернизациялау жұмыстары аяқталғаннан кейін бензин артылып қалып жатыр.
Энергетика министрлігі Ресейді импортқа тыйым салынатыны туралы хабардар етті.
Сонымен қатар ведомство бензинді автомобиль көлігімен әкелуге тыйым салынбайтынын атап өтті.