Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 19 тамыз

© Sputnik / Владислав ВодневКүнтізбе - 19 тамыз
Күнтізбе - 19 тамыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесінде 231-ші күн. Жылдың соңына дейін 134 күн бар

19 тамызда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

19 тамызда әлемде қандай қызықты оқиға болды

Дүниежүзілік фотосурет күні – ерекше әрі көңілді мереке, ол бүкіл әлемде аталып өтеді. 19 тамыз кездейсоқ таңдалған жоқ: 1893 жылы дәл осы күні әлем алғаш рет арнайы технология бойынша алынатын фотосурет прототипі туралы білді. Бұл ғажайып өнертабыс болашақ ұлы химик-өнертапқыш, талантты Луи Жак Манде Дагерге тиесілі. Айта кету керек, мұндай перспективалы инновацияның патентін Франция үкіметі сатып алған. Дүниеге және айналадағы ақиқатқа басқа көзбен қарай білетіндердің барлығы ерекше сәттерге көңіл бөліп, Дүниежүзілік фотосурет күнін қуанышпен атап өтеді. Олардың еңбегінің жемісін шынайы бағалайтындар мен ғажайып көріністерден ләззат ала білетіндер осы қуанышты бөліседі.

АҚШ-та бүгін Ұлттық авиация күні аталып өтеді. Мерекені 1939 жылы президент Франклин Делано Рузвельт өнертапқыш, ұшақ конструкторы және ұшқыш, ағайынды Райттардың бірі Орвил Райттың туған күнінің құрметіне белгіледі. Ағайынды Уилбур мен Орвил Райт авиацияның ізашарлары болып саналады, әлемнің көптеген елінде олар әлемдегі алғашқы ұшуға қабілетті әуе кемесін ойлап тауып, құрастырғанын мойындайды. Ағайынды Райт сынақ ұшағын құрастырып, онымен бірінші болып ұшпағанына қарамастан, олар әуеде мұндай ұшуды бірінші болып басқарды. Басқа авиаторлар арасындағы патент соғысына қарамастан, ағайынды Райт авиацияның дамуына сөзсіз үлес қосты. Штаттарда Ұлттық авиация күні Орвил Райттың көзі тірісінде тойлана бастады (Орвилл 1948 жылы қайтыс болды). АҚШ-тағы басқа еске алу күндері секілді, ол жыл сайын президенттің үндеуімен жарияланады.

Бүгін – орыс жолақ жейдесінің туған күні. Бұл ресми емес мереке, дегенмен Ресейде оны өте қатты жақсы көреді және құрметтейді. Әсіресе бұл мереке Санкт-Петербургте кеңінен тойланады, ол мұнда бұрынғы және қазіргі теңізшілер үшін, өздерін нағыз ер азамат және Отан қорғаушы деп санайтын десантшылар үшін дәстүрлі мерекеге айналған. Неліктен бұл мереке 19 тамызда аталып өтетіні көпшілікті қызықтырса керек. 1874 жылы император Александр II орыс теңізшілері үшін жаңа форма енгізу туралы ең жоғарғы жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар, жолақ жейде міндетті атрибут болды және барлық дәрежедегі әскери қызметшілерге бірден ұнады. Жолақ жейде жүннен немесе мақтадан жасалған матадан ақ және көк жолақтармен тігілді. Бұл киімді тігетіндерге белгілі бір талаптар қарастырылған, мысалы, оның салмағы шамамен 344 грамм болуы керек, ал жолақтарының ені қатаң түрде реттелді. Жолақ жейде – теңізшілер мен десантшылар киімінің ыңғайлы және функционалды бөлшегі, сондықтан осы және ескі дәстүрлердің арқасында ол жылдар бойы танымалдығы мен өзектілігін жоғалтпады.

19 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1856 жылы АҚШ-та қойылтылған сүтті алу әдісі патенттелді;

1944 жылы  Париж көтерілісі басталды. Көтеріліске шыққан париждіктер американ әскерлерінің шеруінен қаланы босатып, бөлінуден сақтап қалды;

1848 жылы New York Herald газеті алғаш рет Калифорнияда табылған алтын туралы мақала жариялады;

1947 жылы А дәрумені алғаш рет синтезделді.

1960 жылы ғарышқа Белка және Стрелка атты иттер ұшырылды; 

1874 жылы орыс флотында жолақ жейде теңізшілердің формасы ретінде бекітілді;

2004 жылы Google компаниясы өз акцияларын сатуды бастады.

19 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 жылы Қазақстан  Республикасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына кірді;

1992 жылы Қазақстан мен Португалия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады;

1993 жылы Қазақстан мен Словакия  арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады;  

1993 жылы Қызылорда облысында "Южказнефтегаз" бірлестігінің геологтары "Құмкөл" кен орнынан ірі мұнай кенін тапты;

1998 жылы Алматыда композитор, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

19 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

1631 жылы ағылшын ақыны, драматург, сыншы Джон Драйден дүниеге келді;

1883 жылы Коко Шанель ретінде бүкіл әлемге танылған француз модельері, Chanel сән үйінің негізін салушы Габриель Шанель дүниеге келді; 

1937 жылы орыс драматургы, прозашы әрі сценарийші Александр Вампилов дүниеге келді;

1958 жылы алғашқы кеңес тікұшақтарын сынаушы, конструктор Алексей Черемухин дүниеге келді; 

1946 жылы АҚШ-тың 42-ші президенті Билл Клинтон дүниеге келді.

19 тамызда Қазақстанда кім туды

1963 жылы Австралия, Азия, Африка және Американың ең ірі шөлдерін жалғыз жүгіріп өткен ғаламшардағы жалғыз адам Марат Жыланбаев дүниеге келді; 

1964 жылы Еуразия экономикалық комиссиясының көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры Асқар Баталов дүниеге келді; 

1963 жылы "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева дүниеге келді; 

1967 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші қызы, "Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық білім қорының" директоры Динара Құлыбаева дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Толып келе жатқан ай Мерген белгісінде болады. Күн қолайсыз, жаңа істі бастамаған жөн, басшылықпен диалог жүргізу немесе жұмыс орнын ауыстыру да сәттілік әкелмейді. Жалпы жалғыз қалып, жеңіл-желпі істермен ғана айналысу қажет. Үйде жөндеу немесе толық тазалау жұмыстарын бастау жақсы идея емес. Бұл күні қаржы мәселесіне өте ұқыпты болу керек. 

Жаңалықтар
0