Әлем

Бейтаныс әйел жігітке көп ақша ұстатып кетті, бірақ қызық онымен біткен жоқ

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуДоллар
Доллар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жігіт мұндай жомарттыққа қуанудың орнына әлгі әйелді тауып, оған ақшасын тиынына дейін қайтарып бермек

АСТАНА, 18 тамыз — Sputnik. Хокота қаласында тұрып жатқан жапониялық басынан ерекше жағдайды өткерді. Жігіт есіктің қоңырауы соғылғанда үйде отырған. Кейін есікті ашып табалдырықта тұрған әйелді көреді. Әлгі әйел көзілдірік тағып тұрғандықтан, ол анасының танысы болар деп мән бермейді. Бұл туралы Japantoday басылымы жазды.

Балалар, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада тәрбиеші баланың ата-анасы ақша бопсалап жүргенін айтты

Әйел адам жігітке бірнеше сұрақ қойып, қолына екі конверт ұстатады. Ұстатып жатып "Сенің анаң жұмыстан беске қарай келетінін айтты. Оған мұны беруді ұмытпа" дейді. Осы сөздерді айтқан соң бірден кетіп қалады. Бар қызық анасы үйге келген соң басталады.

Ол ешкімді күтпегенін айтады. Бірінші конвертте 40 мың иен, ал екіншісінде 1 миллион иен болған екен. Сондай-ақ, басылым бейтаныс әйел жігіттің анасының еш құрбысына ұқсамағанын жазған.

Жапон халқының семіздікке шалдықпауының сыры неде?

Саналы адамдар ретінде анасы мен баласы ақшаны полицияға апарып береді. Тәртіп сақшылары бейтаныс әйелдің кім екенін анықтап жатыр. Ол уақытқа дейін қаржы жоғалғаны туралы шағым түспегендіктен, олар әйел мекенжайды шатастырды деп болжап отыр.

Жаңалықтар
0