ТҮРКІСТАН, 17 тамыз — Sputnik. Бүгін Түркістан облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлері Шымкент қаласынан облыс орталығы — Түркістан шаһарына көшті.
Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев екі ғасыр бойы Қазақ хандығының астанасы болған, маңызды шешімдер қабылданған Түркістанға көшудің маңыздылығын атап өтті.
"Бүгін біз үлкен көшті бастайын деп отырмыз. Кезінде Елбасы Астанаға көшер кезде "Алматыға сыймай емес, Алматыны қимай кетіп барамыз" деген екен. Біз де Шымкентке сыймай емес, оны қимай кетіп барамыз. Түркістан — бар қазақтың рухани астанасы. Сондықтан оны дамытуға, өркендетуге күш салуымыз қажет. Шежірелі қаланың туристік әлеуеті көтеріліп, жаңа жұмыс орындары ашылады. Міне, енді Түркістан облысы мен Түркістан қаласының жаңа дәуірі басталды", — деді әкім.
Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жансейіт Түймебаев бастаған көштің құрамында облыс әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы, облыстық мәслихат аппараты, облыстық қоғамдық кеңестің аппараты, "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалы қызметкерлері, облыстың зиялы қауым өкілдері, облыс ардагерлері, құзырлы орган басшылары, әкім аппараты қызметкерлері, 28 аумақтық департаменттің басшылары мен қызметкерлері, 24 облыстық басқарма басшылары мен қызметкерлері, республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері сынды жалпы саны 1 мыңға жуық адам бар.
Тағы оқыңыз: 30 жасында 8 бала туған түркістандық келіншектің арманы қандай
11 автобусқа жайғасқан көшті Түркістан шаһарының әкімдігі күтіп алған.
Еске салайық, биыл 19 маусымда президент Оңтүстік Қазақстан облысын Түрістан облысы деп қайта құру және оның орталығын Шымкенттен Түркістан қаласына көшіру туралы тарихи жарлыққа қол қойған-ды.
Түркістандық әйел 3 баласын аптап ыстықта көлікке қамап, айдалаға тастап кетті