Қоғам

Қазақ жігіті рекорд орнату үшін үш тәулік ұйықтамады

© Sputnik / Айжана ДжайлаубаеваНұрлан Жартыбеков
Нұрлан Жартыбеков - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы облысының тұрғыны бес жасынан тоқыма тоқумен айналысады және бұл ерлердің ісі емес дейтіндермен келіспейді

ТАЛДЫҚОРҒАН, 17 тамыз — Sputnik. Алматы облысы Райымбек ауданының тұрғыны Нұрлан Жартыбеков 72 сағат ішінде үзіліссіз ені 30 см, ұзындығы 43 метр болатын мойынорағыш тоқып шықты. 

Қазақстан рекордтар кітабына рекордтарды тіркеу департаментінің директоры Бақытжан Тастүлеков Нұрланға 72 сағат ішінде тоқыма тоқып, Қазақстан рекордтар кітабына кіргені туралы сертификатты тапсырды.  

© Sputnik / sputnikНұрлан Жартыбеков 72 сағат ішінде 43 метрлік шарф тоқыды
Нұрлан Жартыбеков 72 сағат ішінде 43 метрлік шарф тоқыды   - Sputnik Қазақстан
Нұрлан Жартыбеков 72 сағат ішінде 43 метрлік шарф тоқыды

"Ата-анамның айтуынша, бес жасымнан тоқуды үйреніппін. Көпшілік мұны ерлердің ісі емес деп ойлауы мүмкін, алайда ең бастысы бұл өзіме ұнайды. Мен көзді байлап тоқудан Қазақстан рекордын орнаттым, енді үзіліссіз үш тәулік тоқыма тоқып, Қазақстан рекордын жаңартып отырмын", — дейді Жартыбеков.

137 сағат бойы тоқтамастан билеп, Гиннестің рекордтар кітабына кірді

Ол Бразилияда орнатылған әлемдік рекорд туралы айтып берді – онда ер адам 64 сағат бойы ілгекпен тоқыған. Ал Нұрлан Жартыбеков 72 сағат тоқығандықтан, ол әлемдік рекордты да жаңартқан болуы мүмкін.    


Жаңалықтар
0