Қоғам

Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ресейлік 19 жылға сотталды

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуТемір торда отырған адамның суреті
Темір торда отырған адамның суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыскер үкіммен мүлдем келіспейтінін айтты

АСТАНА, 17 тамыз — Sputnik. Бүгін Қостанай облысындағы қылмыстық істер туралы ауданаралық сотта 46 жастағы Павел Чеховке сот үкімі шықты. Ер адам Қарасу ауданында 11 жасар қызды өлтірді деп айыпталды. Осы қылмысы үшін ол 19 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Қуандық Бишімбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі басқа түрмеге ауыстырылды

"Үкіммен келіспеймін. Мен оны өлтірген жоқпын. Үкімге қатысты шағым түсіретін боламын", — деді Павел Чехов. 

Естеріңізге сала кетсек, 21 мамыр күні 11 жастағы жасөспірімнің мүрдесі "Восток" ауылынан табылған болатын. Сол түні қылмыскер оның мүрдесін тауға апарып тастаған. Жол-жөнекей аяқ киімін лақтырған. Кейін үйге қайтып келеді. Сыртқы есікті ішінен жауып, ұйқыға жатады. Ол полицейлерді алдамақ болды. Айтуынша, кешке үйге келіп ұйықтаған, далаға мүлдем шықпаған. Ал қыз ол уақытта үйде болмаған. Кейін оны полицейлер қамауға алды. 

Мұраға бола әкесі мен жеңгесін өлтірді

Жаңалықтар
0