18 тамызда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
18 тамызда қандай қызықты оқиға болды
Бүгін Қазақстан Республикасы президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 жарлығымен бекітілген Спорт күні аталып өтеді. Қазіргі таңда Қазақстан үкіметі елдегі спортты дамытуға, оны халық арасында, ең алдымен жастар арасында кеңінен насихаттауға көп көңіл бөледі. Ол үшін жаңа фитнес орталықтар, стадиондар салынып, пайдалануға берілуде, спорт клубтарының саны артып келеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда спорттың бірнеше түрі дамып келеді. Әсіресе бокс, күрес, ауыр атлетика және жеңіл атлетика, хоккей, велоспорт және басқа спорт түрлері ерекше танымал. Елімізде халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізіледі, қазақстандық спортшылар халықаралық чемпионаттарға, әлем чемпионаттарына және Олимпиада ойындарына тұрақты қатысып келеді.
Бүгін Қазақстанның шекарашылары кәсіби мерекесін атап өтеді. 1992 жылдың 18 тамызында ел президенті "Шекара әскерін құру туралы" жарлыққа қол қойды, алайда Қазақстанның мемлекеттік мерекелері күнтізбесіндегі ресми дата – 2012 жылдың 29 тамызы. Қазақстанның жеке шекара әскерін жасақтау қажеттілігі 1991 жылы КСРО күйрегеннен кейін туындады. Жаңа бөлімше Кеңес Одағындағы ең мықты деп саналған, штаб-пәтері Алматы қаласында орналасқан Қызыл Ту Шығыс шекара округы базасында құрылды. Кәсіби мерекеде осы салада қызмет ететін әскерилерді тікелей басшылық пен ел басшылығы құттықтайды, кейбір қалаларда шекарашылар бөлімшелерінің парадтары өтеді.
Сондай-ақ бүгін – Ортақ тіл күні. Бұл мерекенің лингвистикалық ерекшеліктерге ешқандай қатысы жоқ. Кейде біз сұхбаттасымыздан "Біз әр түрлі тілде сөйлейміз" деген сөзді естиміз, бұл бір-бірімізді толық түсінбейтінімізді білдіреді. Бүгінгі күн адамдармен ортақ тіл табуға және бір-бірімен тілдесуге әрекет жасап көруге шақырады.
18 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар
1201 жылы Рига қаласының негізі қаланды;
1743 жылы Джек Бротон (en:Jack Broughton) бокстың негізгі ережелерін енгізді;
1868 жылы күн спектрінде жаңа элемент – гелий табылды;
1877 жылы америкалық астроном Асаф Холл марстың жер серігі – Фобосты ашты;
1900 жылы француз Перски телевидение деген жаңа сөзді қолданысқа енгізді;
1913 жылы Монте-Карло ойынханасында шар 26 рет қатарынан қараға түсіп, рекордты оқиға болды;
1914 жылы Санкт-Петербор қаласының атауы Петроград болып өзгерді;
1920 жылы АҚШ конституцияға әйелдерге сайлауда дауыс беру құқығын беретін 19-шы түзетуді қабылдады;
1958 жылы АҚШ-та Владимир Набоковтың даулы "Лолита" романы жарық көрді;
1991 жылы Михаил Горбачев Қырымда үйқамаққа алынды;
1992 жылы әлемде алғашқы нормативті емес лексиканың сөздігі басылып шықты.
18 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1992 жылы Қазақстан президентінің Шекара қызметін құру туралы жарлығы қабылданды;
1992 жылы Қазақстан мен Бельгия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды;
2004 жылы "Қазпочта" Қазақстан аумағында жаңа мемлекеттік пошта төлемінің белгісі – "Қазақтелекомның" 10 жылдығы құрметіне орай пошта блогы айналымға енгізілді;
2005 жылы Алматыда төрт адамға арналған "Қазшаха" шахмат нұсқасының тұсаукесері өтті. "Қазшах" - қазақстандық дизайнер Азат Байсеркеев ойлап тапқан шахматтың жаңа түрі. Ойын 64 ұяшыққа бөлінген тақтада ойналады.
18 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар
1952 жылы америкалық актер Патрик Суэйзи дүниеге келді;
1966 жылы "Не? Қайда? Қашан?" телеойынының жүргізушісі Борис Крюк дүниеге келді;
1685 жылы ағылшын математигі, "Тейлор қатары" формуласының авторы Брук Тейлор дүниеге келді;
1921 жылы кеңестік театр және кино актрисасы Галина Короткевич дүниеге келді;
1936 жылы америкалық режиссер, актер, "Оскар" сыйлығының иегері Роберт Редфорд дүниеге келді;
1938 жылы кеңестік, украиналық және ресейлік эстрада әншісі (баритон) Вадим Мулерман дүниеге келді. РСФСР халық әртісі (1991). Украинаның еңбек сіңірген әртісі (2007);
1943 жылы Италия футболшы Джанни Ривера дүниеге келді;
1945 жылы композитор, кеңес музыканты, әнші әрі әндердің авторы Владимир Мигуля дүниеге келді;
1952 жылы америкалық киноактер, биші, әнші Патрик Суэйзи дүниеге келді.
18 тамызда Қазақстанда кім туды
1948 жылы тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы әлеуметтік ғылымдар академигі Мәмбет Қойгелдиев дүниеге келді;
1957 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ есірткімен күрес комитетінің төрағасы Анатолий Выборов дүниеге келді;
1953 жылы бұрынғы ҚР Білім және ғылым министрі, техника ғылымының докторы Бақытжан Жұмағұлов дүниеге келді;
1953 жылы "Республикалық ғарыш байланысы және радиоэлектронды құралдардың электромагниттік үйлесімділігі орталығы" АҚ президенті Виктор Лефтер дүниеге келді;
1954 жылы техника ғылымдарының кандидаты Қозыкөрпеш Есенберлин дүниеге келді.
Ай күнтізбесі
Толып келе жатқан ай Сарышаян белгісінде болады. Бойдағы күшті қарапайым және күнделікті шаруаларға жұмсаған дұрыс. Жұмыста бүгін қордаланып қалған істермен айналысу керек және командамен жұмысты өндіре істеуге болады. Тұрмыста ірі жобаларды бастаудың қажеті жоқ. Күн жұмысты ауыстыруға немесе ірі келісімшарттар жасауға қолайсыз.