Қоғам

Бас прокуратура Әблязов банкирді өлтіруді ұйымдастырды деп есептейді

© Sputnik / Серикжан КовланбаевМұхтар Әблязов, архивтегі фото
Мұхтар Әблязов, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін бас қадағалау органы қашқын банкирді жауап алуға шақырды, алайда Мұхтар Әблязов келген жоқ

АСТАНА, 17 тамыз — Sputnik. Қазақстанның Бас прокуратурасы қашқын банкир Мұхтар Әблязов "Банк Тұран Әлемнің" экс-басшысы Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырды деген күдікке ілінгенін мәлімдеді.  

Қайрат Қожамжаров - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қожамжаров: Әблязов пен Храпуновтар жауапкершіліктен құтыла алмайды

Әблязов және оның қорғаушысы шақыртуды елемей, жауап алуға келмеді. Сол себепті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 206-бабы 8-бөлігіне сай 1963 жылы туған күдікті  Мұхтар Әблязовтың әрекеті сараланғанын хабарлады.

Сотқа дейінгі іс жүргізу мен жинақталған дәлелдемелердің негізінде осы жылдың 17 тамызында Әблязовтың әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабы 3-бөлігі, 96-бабы 2-бөлігінің "ж", "з" тармақтары бойынша сараланды. 

"М.Қ.Әблязов "Банк ТұранӘлем" АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Е.Н.Тәтішевті пайдакүнемдік ниетпен М.Тоқмадимен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен қасақана өлтіруді ұйымдастырды деген күдікке ілінді", — деп жазылған қадағалау ведомствосының хабарламасында.

Қуат "Найман" Хамитов қашқын олигарх Мұхтар Әблязовке үндеу жариялады

Осыған дейін күдікті Мұхтар Әблязов жауап алу және басқа тергеу әрекеттеріне қатысу үшін 16 тамызда Бас прокуратураға шақырылғанын еске саламыз. Алайда белгіленген уақытта ол келген жоқ, келуге тосқауыл болған себептерін түсіндірген жоқ.


Жаңалықтар
0