Өңірлер

Оралда зейнеткер 57 жылдан бері көрмеген ұлын іздеп жүр

CC0 / Bernd Schray / Қария
Қария - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарттың айтуынша 57 жыл бұрын әйелі ұлын алып Өскеменге кетіп қалған

ОРАЛ, 16 тамыз — Sputnik. Оралдық зейнеткер 57 жыл бұрын айырылған ұлын іздеп жүр, деп жазады "Мой Город".

сәби, архив - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Семейлік жігіт 28 жыл бойы өлді деп санап келген егіз сыңарын іздеп жүр

Еңбек ардагері Александр Максимович Дзюбанның жасы 89-да. Сонау 1956 жылы Ресейдің Чехов қаласында Евгений есімді ұлы дүниеге келеді. Тағдырдың жазуы болар, әйелі ұлын алып Өскемен қаласына кетіп қалған екен. Содан бері әкесі баласын бірде-бір рет көрмеген.

Зейнеткердің айтуынша, ұлы жақында қоңырау шалып, тілдескісі келіпті, бірақ аяқ асты байланыс үзіліп кетеді.

"Өзінен немесе оны білетін жандардан 87771497512 нөміріне, маған хабарласуын сұраймын", — дейді Александр Максимович.

Қазір зейнеткер түбіндегі "Малиновый сад" саяжай бірлестігінде тұрады, бауыр еті баласын табудан үмітін үзген емес.

Жаңалықтар
0