Қоғам

Назарбаевтың саяси карьерасын оның ұстазы болжап берген

© Photo : Серикжан КовланбаевНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстазы 60 жылға жуық уақыт бұрын шәкірті қандай жетістікке жетуі мүмкін екенін болжаған

АЛМАТЫ, 16 тамыз — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шәкірттері қандай жетістікке жететінін алдын ала білген ұстазы жайлы айтты.

Қазақстан президентінің телерадиокешені мемлекет басшысының ертеректегі өмірбаяны туралы фильмнен үзінді жариялады.   

Мұрағаттағы таспада Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинаның Днепродзержинск қаласында (қазіргі Каменское) металл өндірудің қыр-сырын үйреткен ұстазы Дмитрий Погореловтың қызымен кездесуі көрініс тапқан.    

Назарбаевтың айтуынша,  Дмитрий Изотович Погорелов — оның болашағына жол ашқандардың бірі.  

Фильм авторлары оның сөзінен үзінді келтіреді. Одан Дмитрий Погорелов 60 жыл бұрын Назарбаевты көріп, ол қандай жетістікке жететінін болжағанын білуге болады.  

"Ол әрқайсымызға дәл мінездеме бере алатын – кімнің қандай қабілеті бар екенін көре білді. Сенен көз алмай қарап тұрады да: "Сен жігіт инженер боласың. Ал сен цех бастығы болуың мүмкін. Ал сен, Нұрсұлтан, премьер-министр болуың керек" дейтін, — деп фильм авторлары мемлекет басшысының сөзінен үзінді келтіреді. 

Нұрсұлтан Назарбаев Днепродзержинск №22 кәсіптік техникалық мектебін 1960 жылы бітірген. 

Жаңалықтар
0