АСТАНА, 16 тамыз — Sputnik. BMJ Case Reports журналында жарияланған мақалада 42 жастағы британ әйелдің қабағының астына линза кіріп кеткені туралы жазылады. Әйел дәрігерге көзінде ісік пайда болған соң ғана барған. Кейін мамандар ота кезінде оның қабағының астынан линза алып шығады.
Бастапқыда мамандар аппарат көмегімен науқастың көзін сканерлеп, кейін қабағының астында ұзындығы 6 мм болатын заттың тұрғанын көреді. Ол зат осы күнге дейін әйелге еш кедергі келтірмеген екен. Сондай-ақ, мақалада дәрігерлердің линзаны алу кезінде көптеген қиындыққа тап болғандары туралы жазылған. Себебі, линза шытынап, майда бөліктерге бөлініп кеткен.
Анасының айтуынша, қызы көзіне линзаның қалай кіріп кеткенін білмеген. 14 жасында, осыдан 28 жыл бұрын әйел бадминтон ойнап жүргенде, оның "добы" көзіне тиген. Анасының болжауынша, линза қабағының астына осы кезде кірген. Себебі, олар қыздың көзіндегі линзаны ұзақ уақыт бойы іздеп таба алмаған. Офтальмолог мамандар осы оқиғадан кейін көзді уақытылы тексертіп тұруға кеңес берді.