АСТАНА, 15 тамыз — Sputnik. Италияның сыртқы істер министрлігі Генуя қаласындағы көлік көпірінің қирауынан 31 адамның қаза тапқанын хабарлады, деп жазады РИА Новости Rainews24 басылымына сілтеме жасап.
Бұдан бұрын 11 адамның қаза тапқаны туралы хабарланған.
© Ruptly
БАҚ мәліметіне сүйенсек, көпір сейсенбі күні күндіз құлапты. Оқиғаның бірнеше себептері айтылып жатыр: күн күркіреп тұрған кезде, найзағай түсті немесе көпір конструкциясы шөгіп кетті. Ресми тұлғалар теракт туралы мәлімдеген жоқ. Нысанға қызмет көрсетіп, жөндеу жүргізген компанияның айтуынша, көпір құлайтындай жағдайда болмаған.