АСТАНА, 14 тамыз — Sputnik. Шымкент қаласының полицейлері өзгенің автокөлігін заңсыз мініп кетті деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.
"Шымкент қалалық ІІД Абай полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған, онда қала көшелерінің біріне тұрақтаған "ВАЗ" маркалы автокөлігін белгісіз тұлға ұрлап кеткенін айтқан. Оқиға орнына полиция қызметкерлері тез арада келіп, кілтті көлікте қалдырып кеткен жүргізушінің қамсыздығын пайдаланған азамат белгісіз бағытқа айдап кеткенін анықтады", — деп хабарлады Шымкент ҚІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Абай полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Айғақты зат тәркіленіп алынды.
Автокөлікті ұрлау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Семейде сөмкесі ұрланған студент қыздың өзі "қылмыскер" болып шықты