СЕМЕЙ, 14 тамыз — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың аттасы Семейде отау құрып, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мереке ұйымдастырды.
Жас қазақстандық Нұрсұлтан Назарбаев пен жары Алтынай Иса дүркіретіп той өткізуден бас тартты, деп жазады "Экспресс-К". Мейрамхана мен той кортежіне шығындалудың орнына, ресми неке қию салтанатынан кейін жас жұбайлар лагерьге бет алды.
Жарасымды жұп екі балалар үйінің жүздеген тәрбиеленушісіне дастархан жайып, аниматорларды шақырып, мереке ұйымдастырыпты.
Алтынайдың айтуынша, жұбайы екеуі сән-салтанатты той жасауды ешқашан армандамаған. Жеті жыл қыз-жігіт болып жүріп, отау құруға бел байлапты.
Мемлекет басшысының аттасы мамандығы бойынша педагог, дейді жары Алтынай. Жас жұбайлардың отбасы тойды ерекше өткізуге қарсы болмаған.