Әлем

Автокөлік көпірі опырылып құлады, үйінді астында қалғандар іздестіріліп жатыр

© AP Photo / Vigili Del Fuoco Италияның солтүстігіндегі Генуя қаласына жақын маңда автокөлік көпірі опырылып құлады
Италияның солтүстігіндегі Генуя қаласына жақын маңда автокөлік көпірі опырылып құлады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көпірден көліктер құлап кетті, төтенше оқиға орнында өрт сөндірушілер мен дәрігерлер жұмыс істеуде. Куәгерлер желіде видео жариялап жатыр

АСТАНА, 14 тамыз — Sputnik. Италияның солтүстігіндегі Генуя қаласына жақын маңда автокөлік көпірі опырылып құлады.

Оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеп жатыр, үйінді астында қаза болғандарды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Соңғы мәлімет бойынша, апаттан 11 адам қаза тапқан.

 

 

Куәгерлер апаттың фотосуреттері мен видеосын жариялап жатыр.

Disastro a #Genova. Crolla il ponte Autostradale. Stiamo cercando informazioni. pic.twitter.com/f2Z0c91JLZ

Кадрларға қарағанда, көпірдің шамамен жүз метрге жуық бөлігі құлаған.

​Италия басылымдары көпірге жақын маңда сауда орталықтары, өнеркәсіп қоймалары мен темір жол орналасқанын жазып жатыр.

​Куәгерлер жалаңаяқ қашып бара жатқан адамдарды көргенін айтты, деп жазды RaiNews порталы. 

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.   


Жаңалықтар
0