Әлем

Қарны аш ұры мейрамхананың терезесін шағып кіріп, тамақ пісіріп жеді

CC0 / / ас
ас - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарны тойған соң, тонаушы мейрамхана кассасынан бірнеше мың доллар ұрлап кеткен

АСТАНА, 13 тамыз — Sputnik. АҚШ-тың Теннесси штатының тұрғыны Эван Элмор мейрамханалардың бірінен бірнеше мың доллар тонап, кейін ұрланған жүк көлігімен қашып кеткен. Тонаушылық алдында мейрамхананың ас үйінде тауық қанаттарын пісіріп жеген сәті видеоға түсіп қалды. 

WRCB басылымының хабарлауынша, Эван Элмор мейрамхананың терезесін шағып кіріп, әуелі ас үйде тауық қанаттарын қуырып жеп, кейін сөмкесіне сыра, торт және басқа да тіске басарларды салып, кассадан бірнеше мың доллар тонап кеткен.

ұрланған көліктегі GPS навигациясы арқылы Элморды көп ұзамай құрықтады. Ер адамға тонаушылық жасау, көлік ұрлау және есірткі сақтау деген айыптар тағылған.

Аспаз-қылмыскердің қандай кесілетіні әлі хабарланған жоқ.

Теледидар үшін отбасыға оқ жаудырған тонаушы видеоға түсіп қалды

Жаңалықтар
0