Видео

Денис Теннің балалық шағынан жан тебірентерлік видео жарияланды

Жазылу
НовостиTelegram
Оқыстан қаза болған мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің Youtube-тегі арнасы ашылды, онда қазірдің өзінде бірнеше жан тебірентерлік архивтегі видео жарияланды

Бірегей кадрлар Денистің мұзда өнер көрсеткен сәтін еске түсіруге, сондай-ақ спортшының бала күнінде сырғанауды қалай үйренгенін көруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Денистің алты айлық кезінде түсірілген видео жарияланды.

Бұдан бұрын Денистің анасы Оксана Тен трагедия болған жерде ескерткіш орнатуға қатысты жоспарын айтқан еді. Сонымен қатар, чемпионның үйінде естелік тақта орнатылады деп жоспарлануда, кітапқа материалдар дайындалып жатыр. 

Денис Тенді жерлеу күні жарияланған сурет жанкүйерлердің ашуын келтірді 

Таяуда Денистің досы, мәнерлеп сырғанаушы Алексей Ягудин "Тает лед" бағдарламасының бір шығарылымын қаза болған спортшыны еске алуға арнаған болатын. Бағдарламаны жасауға аңызға айналған жаттықтырушылар мен атақты мәнерлеп сырғанаушылар атсалысты.      

Белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен 19 шілде күні Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапты.

Денис Теннің туыстары мен достары әлеуметтік желіде хабарландыру жариялады 


Жаңалықтар
0