Әлем

Ыстық шайдың ешкім күтпеген пайдасы анықталды

© Sputnik / Болат Шайхиновшай фестивалі
шай фестивалі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шайды көп ішетін адамдардың глаукомаға сирек шалдығатыны белгілі болды

12 тамыз — Sputnik. Ғалымдар зерттеу жүргізіп, ыстық шайдың қандай пайдасын барын анықтады. 

айнаға қарау - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ғалымдар айнаға қараудың денсаулыққа неге пайдалы екенін айтып берді

Зерттеу нәтижесі шайды көп ішетін адамдардың глаукомаға сирек шалдығатынын көрсетті. Мақала British Journal of Ophthalmology басылымында жарияланған.

Глаукома көздің көрмей қалуының негізгі себебі болып табылады, ол көздің ішіндегі қысымнан пайда болады.

Зерттеуде ыстық немесе жылы шай туралы айтылады. Бірақ өте ыстық шай жөнінде емес, өйткені онкологиялық ауруларды зерттеу бойынша халықаралық агенттіктің мәлімдеуінше, тым ыстық сусын ішкен адам өңеш рагына шалдығуы мүмкін.

Ғалымдар АҚШ-та жүргізілген ұлттық сауалнаманың нәтижесіне сараптама жүргізген. Белгілі болғандай, 1600 азаматтың тек бес пайызында ғана глаукома бар екен. Кофе немесе суық шай ішетін адамдардың көз көруі нашарлай бастағаны анықталды.

Тағы оқыңыз: Қанша тамақ жесең де, семірмеудің жолы табылды

Осылайша, ғалымдар ыстық шай ішу мен глаукома ауруына шалдықпау арасындағы байланысты тапты. Мұны шайдың құрамындағы кофеинмен түсіндіруге болады. Кофенің құрамында да кофеин болғанымен, оның глаукомамен байланысы ыстық шай секілді емес.

Зерттеушілердің айтуынша, шайдың құрамындағы флавоноидтардың қабынуға қарсы және антиоксиданттық қасиеті бар, ол көзді аурулардан қорғай алады. Бұдан бөлек, шайдағы антиоксиданттар көз жасушаларының жаппай жойылуын бәсеңдетеді. 

Жаңалықтар
0