Оқиға

Қостанай облысының тұрғыны өзін-өзі пышақтап тастады

© Sputnik / Табылды КадырбековПышақ ұстаған ер адамның архивтегі фотосы
Пышақ ұстаған ер адамның архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дене жарақатын алған 38 жастағы ер адам ауруханаға 8 тамыз күні түскен

АСТАНА, 12 тамыз — Sputnik. Қостанай облысының тұрғыны өзін-өзі пышақтап тастады. Оқиға Әулиекөл ауданында болған.

кісен - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақтауда КВН ойыншысын өлтірді деген күдікпен 3 адам ұсталды

alau.kz порталының мәліметінше, Құсмұрын елді мекенінің ауруханасына ер адам пышақ жарақатымен жеткізілген.

Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі дене жарақатын алған 38 жастағы ер адам ауруханаға 8 тамыз күні сағат 01.30-да түскенін хабарлады.

"Зардап шегуші өзіне-өзі жарақат салғаны анықталды. Істі қараудан бас тартып отыр. Ешкімге шағымданбайтынын айтты", — деп хабарлады ІІД.

Әулиекөл АІІБ ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. 

Белгілі қазақ актерінің әйелін "квартиранттар" өлтіріп кетті

Қостанай облысында 45 жастағы әйелді қасапшы інісі өлтіріп тастады


Жаңалықтар
0