АСТАНА,11 тамыз — Sputnik. Адам саудасымен айналысқан күдікті Грузиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Бас прокуратураның және Қазақстанның ІІМ интерпол қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін адам саудалаған күдікті Иордания азаматы Амер Саламехты Грузиядан экстрадициялады. Ол Қарағанды облысы полициясының іздестіруінде болған.
Істің материалдары бойынша Саламех 2016 жылы Қарағандыда бойжеткендерді Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде есірткі делдалдары ретінде пайдаланбақ болған.
Қылмыстық әрекетінен кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. Осыған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланған еді.
Қазіргі уақытта Саламех Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.