Қоғам

Күннің тұтылуы: қайда және қашан көруге болады?

© AFP 2024 / Rob KerrКүннің тұтылуы
Күннің тұтылуы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күннің жартылай тұтылуы бір сағаттан сәл артық уақытқа созылады, бірақ Астана тұрғындарына байқалмайды

АСТАНА, 11 тамыз — Sputnik. Сенбі күні қазақстандықтар күннің соңғы тұтылуына куә болады.

Күннің тұтылуы қашан болады

Астрономиялық құбылыс уақыты бойынша 15.31-де басталады, максималды фазасы 16.14-те болады. Ал 16.54-те аяқталады.

Күннің жартылай тұтылуы дегеніміз не

11 тамызда әлемнің әр түпкірінде Күннің жартылай ғана тұтылғанына куә болуға мүмкіндік туады. Өйткені Күн толығымен тұтылмайды. Яғни Күн мен Жердің арасындағы Ай Күннің жартысын ғана көлегейлейді.

Аспан күннің толық тұтылуымен салыстырғанда сәл ғана қарауытады. Максималды фазасы кезінде күннің шамамен екі проценті ғана жабылады.

Күннің тұтылуын қайда тамашалауға болады

Қазақстанда біраз өңірдің тұрғындары күннің тұтылуын көре алады: Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан.

Күннің тұтылуы - Sputnik Қазақстан
Биыл күннің соңғы тұтылуы қашан болады?

Әсіресе Петропавл мен Павлодарда күннің тұтылуы айқын көрінеді.

Петропавлда Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Обсерваториясының жанында күннің тұтылуы бақылау орны ұйымдастырылмақ.

Көкшетауда сәл ғана көрінсе, елорда тұрғындары мүлдем байқамайды да. Елдің оңтүстік және батыс өңірлерінде де күннің тұтылуын тамашалау мүмкін емес.

Күннің тұтылуын қалай көру керек

Алматыдағы айдың тұтылуы - Sputnik Қазақстан
Фото
Айдың тұтылуы: әлемнің әр түпкірінен айшықты суреттер

Күннің тұтылуын күннен қорғайтын көзілдірік, бинокль, телескоппен қарауға болмайды. Бақылауға арналған оптикалық фильтрлар керек.

Ешқандай қорғанышсыз күннің тұтылуына ұзақ қарау көздің көру қабілетіне зиянын тигізеді.

Күннің толық тұтылуы қашан

Күннің толық тұтылуы 2019 жылы екінші шілдеде болмақ.

Жаңалықтар
0