АСТАНА, 11 тамыз — Sputnik. Астанада көліктің жүк салғышынан ер адамның денесі табылды.
Елордалық полицейлер хабарлағандай, жұма күні Ақжол көшесінде машинаның жүк салғышынан ер адамның мәйіті табылыпты.
Марқұмның жасы 29-да болған. Ішкі істер департаментінің мәліметінше, денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.
Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалған. Тергеу аясында жедел шаралар атқарылып жатыр.