Өңірлер

Сенбіде ауа райы қандай болады?

© Sputnik / Болат Шайхиновауа райы
ауа райы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін кей жерлерде жаңбыр жауса, басқа өңірлерде қатты жел соғып, дауыл болады

АСТАНА, 11 тамыз — Sputnik. Бүгін атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Sputnik.

Еліміздің кей жерлері жауын-шашынды болып, солтүстіктің жекелеген аудандарында найзағайлы нөсер жауады, дауыл және екпінді жел соғады.

Найзағай - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Күздің ауылы алыс емес: алты облыста дабылды ескерту жарияланды

Солтүстікте түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, оңтүстіктің кей жерлерінде шаңды дауыл соғуы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, желдің жылдамдығы түнде кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді, түнде және таңертең тұман болып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жел соғып, шаңды дауыл болып, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрады, жел 15-25 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейеді, Ақтөбе облысында, күндіз Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетіп, шаңды дауыл тұрады.

Ауа райы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстанның басым бөлігінде күн суытады

Жамбыл облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жауады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде және таңертең дауыл болады таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысында, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жаңалықтар
0