11 тамызда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
11 тамызда әлемде қандай қызықты оқиға болды
Бүгін Ресейде және Кеңес одағының құрамында болған мемлекеттерде Құрысшылар күні мерекеленеді. 1955 жылдың 6 қыркүйегінде КСРО Жоғарғы кеңесінің "Құрысшылар күнін" жыл сайын мерекелеу туралы жарлығы шыққанымен, кәсіби мереке КСРО-да алғаш рет 1956 жылдың 12 тамызында тойланды. Бұл күні түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылып, осы саладағы үздік қызметкерлер марапатталады.
Құрысшылар күні Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Украинада тамыздың екінші жексенбісі мерекеленеді.
11 тамызда "Қоқыс тамағы күнін" атап өтетіндер бар. Бірақ әзірге бұл мереке ресми түрде бекітілмеген. Атауы қызық мейрам, әсіресе, АҚШ-та кеңінен танымал. Бұл күні "фастфуд" мейрамханаларының қожайындары қонақтарды денсаулыққа зиянды жаңа тағамдармен таңғалдыруға тырысады. Ал әлемдегі белсенділер қоқыс тамағын жемеуге кеңес береді. Олар "егер адамның ниеті болса, әр мәселенің орайын тауып шешуге болады" деген пікірде.
Арменияда – ұлттық бірегейлік күні. Бұл күнді армениялықтар "Навасард" деп атайды. Себебі, христиан дінін қабылдамас бұрын ежелгі армян күнтізбесінде "Навасард" жаңа жыл мерекесі ретінде тойланған екен. Ежелгі армяндар ай күнтізбесін пайдаланған. Ондағы жылдың бірінші айы Навасард деп аталған. Мереке бірнеше күн тойланып, спорттық шаралар ұйымдастырылған. Бұл күндері бай мен кедей тең болып, армян халқының бірлігі нығайған. Алайда христиан дінін қабылдап, жаңа күнтізбеге көшкеннен кейін мереке ұмытыла бастады. Десе де соңғы жылдары Навасард Арменияда кеңінен тойланып жүр. Сондықтан 2009 жылы ел парламенті мерекеге ресми мәртебе берді.
Сонымен қатар, бүгін – сүйген адамыңызға сезіміңізді білдіру үшін таптырмас күн. Дәл осы 11 тамызда әлемдегі ғашықтар Махаббат күнін атап өтеді.
11 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар
1767 жылы Англияда соңғы рет адам отқа жағылды;
1909 жылы мұхиттағы лайнер алғаш рет SOS радиосигналын жіберді;
1916 жылы Ирак пен Иран арасында достық туралы келісімшартқа қол қойылды;
1919 жылы Германияның Ұлттық ассамблеясы "Веймар конституциясын" қабылдады;
1926 жылы "Kodak" компаниясы түрлі-түсті кинотаспа жасау жұмысы басталғанын жариялады;
1959 жылы Мәскеуде "Шереметьево" халықаралық әуежайы ашылды;
1979 жылы Днепродзержинск аспанында екі "Ту-134" ұшағы соқтығысып, салдарынан ташкенттік "Пахтакор" футбол командасы опат болды;
11 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1893 жылы Артемий Деров Екібастұз қонысында кен орнына барлау жүргізу куәлігін алды. Бұл кен орнын 1867 жылы Қосым Пішенбаев ашқан;
1931 жылы Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің негізі қаланды. Бұл Қазақстанда қаржылық-экономикалық қызметтер үшін мамандар даярлай бастаған алғашқы білім мекемесі;
1993 жылы 103 отбасы Ираннан тарихи отаны – Қазақстанға оралды;
1995 жылы Жидебай қорығында Абай мен Шәкәрім күмбездері мемориалының ашылу салтанаты болды;
2011 жылы Мәскеу орталығындағы Тұрар Рысқұлов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды;
2016 жылы елордада Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың қола мүсіні орнатылды.
11 тамызда туған танымал тұлғалар
1795 жылы Александр Пушкиннің отбасының үй дәрігері болған Иван Спасский дүниеге келді;
1939 жылы психотерапевт және емші Анатолий Кашпировский өмірге келді;
1946 жылы IQ деңгейі әлемде ең жоғары әйел Мэрилин Савант туды;
1950 жылы америкалық компьютер жасаушы, Apple компаниясы құрылтайшыларының бірі Стивен Возняк дүниеге келді;
1953 жылы америкалық киноактер, рестлер және шоумен Терри Боллеа дүниеге келді. Ол көпшілікке Халк Хоган есімімен танымал;
1954 жылы британиялық рок-музыкант Джо Джексон өмірге келді;
1955 жылы ірі қаржы пирамидасы "МММ" акционерлік қоғамын құрғаннан кейін аты шыққан ресейлік кәсіпкер Сергей Мавроди туды;
1956 жылы Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, театр және кино әртісі, педагог әрі режиссер Юрий Томошевски дүниеге келді;
1983 жылы австралиялық әртіс Крис Хемсворт өмірге келді. Ол "Звездный путь", "Тор", "Мстители", "Доктор Стрэндж" фильмдеріне түскен.
11 тамызда Қазақстанда кімдер туды
1929 жылы биология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Фатима Полымбетова дүниеге келді;
1925 жылы Кеңес Одағының батыры Альберт Кронит туды;
1958 жылы "Родина" агрофирмасының директоры Иван Сауэр дүниеге келді;
1961 жылы мемлекет қайраткері Ерлан Нысанбаев өмірге келді;
1968 жылы белгілі журналист Олег Червинский туды;
1990 жылы ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычко дүниеге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Тауешкі белгісінде орналасады. Тауешкі өте сезімтал жұлдызға жатады. Сондықтан сезімге қатты беріліп, алданып қалмаңыз. Өзіңізге деген сенімді жоғалтпаңыз. Бүгін бәрі ойдағыдай өтеді. Егер бұл күні өзіңіз ұнатқан жанды кездестірсеңіз, сезімге бірден ерік бермеген абзал. Барлығы уақыт еншісінде екенін естен шығармаңыз.