Спорт

Елеусінов кәсіби рингтегі келесі жекпе-жегі қашан болатынын айтты

© Photo : Round By Round Boxing Данияр Елеусінов
Данияр Елеусінов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Данияр Елеусінов жанкүйерлеріне келесі кездесуі қашан болатынын хабарлады

АСТАНА, 10 тамыз — Sputnik. Қазақстанның олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі келесі кездесуі қашан өтетінін мәлімдеді.

"Қазақтың найзағайы" деген атпен белгілі қарсыласымен қазан айында жұдырықтасады. Бұл туралы боксшы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды.

Елеусіновтің агенті Эдди Хирн айтқандай, жекпе-жек Америка Құрама Штаттарында өтеді.

4 тамызда Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегінде венгриялық Габор Горбичті жеңді.

 

 

Жаңалықтар
0