Бүгіннен бастап бірнеше түн бойы аспаннан жұлдыз жауады

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуМетеориттер жауыны
Метеориттер жауыны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жыл сайын болатын ғарыштық құбылыс – Персеида метеориттері жауыны – Жерде 9 тамызда басталып, 13 тамызға қараған түні шарықтау шегіне жетеді

АСТАНА, 9 тамыз — Sputnik. Дәл осы түні Жер тұрғындары аспаннан толассыз жауған жұлдыздарға куә болмақ. Метеориттер жауыны аспан ашық болса, тіптен жарқырап көрінеді. Жаңа Ай да, астрономдардың айтуынша, жұлдыздар жауған түннің есте қаларлықтай өтуіне септігін тигізеді.

Күннің тұтылуы - Sputnik Қазақстан
Биыл күннің соңғы тұтылуы қашан болады?

Алайда биыл Персеида жауыны бұрынғы жылдармен салыстырғанда онша тығыз болмайды екен: 80-100 "аққан жұлдыздың" орнына небәрі 50-75 метеор жауады.

Ғалымдардың айтуынша, жұлдыздардың ағуы адамдардың өміріне немесе орбитадағы зондтарға еш әсерін тигізбейді.

Метеориттер жауыны 25 тамызға дейін белсенділігін жоғалтпайды.

Ай тұтылған соң адам өмірінде не өзгереді?

Жаңалықтар
0