Әлем

Фотодерек: Ханзадаға "сәлем салған" Тереза Мэй желіні шулатты

© REUTERS / Benoit TessierХанзада Уильям мен Тереза Мэй, 8 тамыз 2018 жыл
Ханзада Уильям мен Тереза Мэй, 8 тамыз 2018 жыл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлыбритания премьер-министрі корольдік отбасы мүшесімен тағы да "ерекше" сәлемдесіп, жұртты таңғалдарды

АСТАНА, 9 тамыз — Sputnik. Біріккен Корольдік премьер-министрінің иіліп сәлем беруі желі қолданушыларын ду күлдірді.

1918 жылғы Амьен түбіндегі шайқастың жүз жылдығын атап өту салтанаты кезінде фотографтар британдық саясаткердің "ерекше" сәлемін суретке түсіріп алыпты. Тереза Мэйдің иіліп сәлем бергенін көрген Уильям ханзада күліп жібере жаздады, дейді кейбір желі қолданушылары.

"Тереза Мэйдің спорттық қабілетіне тәнті бола бастадым. Одан 41 жас кіші болсам да, мұндай жаттығуға тәуекел жасамас едім", — дейді желі пайдаланушыларының бірі.

​Мэй бұдан бұрын королева Елизавета ІІ және Кембридж герцогинясы Кейт Миддлтонның алдында "тізе бүгіп" сәлемдесіп, жұртты таңғалдырған болатын.

Жаңалықтар
0