Саясат

Шымкенттен сенаторлар сайланады: Назарбаев қаулыға қол қойды

© SputnikПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенат депутаттарын сайлау 2018 жылдың 5 қазанында өтеді, Назарбаев үкімет пен Шымкент әкіміне тапсырма берді

АСТАНА, 9 тамыз — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкенттен сенат депутаттары сайланатын күнді белгіледі, деп хабарлады Ақорда.

Құжаттар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкент халқы қала әкімдігіне 10 мың шағым түсірді

Президент 2018 жылдың 5 қазанында Шымкент қаласынан парламент сенаты депутаттарының сайлауын өткізуді қаулы етті.  

Назарбаев ел үкіметі мен Шымкент қаласының әкіміне   ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдауды тапсырды.

Сайлау өткізу туралы жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

Шымкент 19 маусымда еліміздегі республикалық маңызы бар үшінші қала атанды. Оңтүстік Қазақстан облысының атауы Түркістан облысы болып өзгертілді, ал өңір орталығы Түркістанға көшірілді.  

Жаңалықтар
0