Қоғам

Қанттан толығымен бас тартса не болады?

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуҚант
Қант - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қант жемейтін адамдар жүрек-қан тамырлары және ісік ауруларына, диабет және псориазға сирек шалдығады

АСТАНА, 9 тамыз — Sputnik. Қант – есірткінің бір түрі. Оған тәуелді екеніңізді үш күннен кейін сезе бастайсыз. Тәтті бір нәрсе жегіңіз келіп, мазасызданасыз, тіпті күзейіліске түсетіндер де бар. 

айнаға қарау - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ғалымдар айнаға қараудың денсаулыққа неге пайдалы екенін айтып берді

Осылай бір аптаға жуық дел-сал күйде жүресіз. Егер бұған дейін шоколад, печенье мен тәтті тоқаштар, газдалған сусындар мен  пакеттегі шырындарды көп тұтынған болсаңыз, бұл жағдай әрі кеткенде екі аптаға созылады. Ал егер зиянды тағамдарды осы уақытқа дейін тұтынбаған болсаңыз, бір аптадан кейін-ақ қанттан толық бас тарту күш-қуатыңды арттырып, көңіл-күйіңді көтергенін сезесіз. 

Бір айдан кейін сіздің ағзаңыз пайдалы тағамға толығымен үйренеді. Тәтті бір нәрсе іздеуді қойып, ақуызды тағамдар мен көкөніс жегіңіз келіп тұрады.  

Үш айдан кейін теріңіз тазарып, салмағыңыз тұрақтанады. Зейін қоюыңыз жақсарады. Азық-түліктің шынайы дәмін сезініп, одан ләззат алуды үйренесіз.

Ұзақ өмір сүретін адамдар қай айлардың аралығында туатыны белгілі болды

  Қантсыз бір жылдан кейін жүрек-қан тамырлары және ісік аурулары, диабет және псориазбен ауыру тәуекелі айтарлықтай төмендейді, содай-ақ сіз табиғи жолмен салмақ тастайсыз. Мұндай тәжірибе америкалық Ева Шаубтың "Қантсыз бір жыл" кітабында баяндалған.  

Uznayvse.ru сайты қанттан толығымен бас тартқан жағдайдың өзінде тағамнан жеміс-жидекті алып тастауға болмайтынын атап өткен. Тек құрамында фруктозасы аз жемістерге басымдық бергеніңіз жөн. 

Балаларға қандай тағамдарды мүлде беруге болмайды?

 

Жаңалықтар
0