Қоғам

Қазақстандықтар Таиландқа жиі ұшатын болды

© Sputnik / Юрий Кавер / Медиабанкке өтуТаиланд
Таиланд - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Air Astana үшінші елдердің әуекомпанияларымен код-шер келісім жасасу мүмкіндігіне ие болды

АСТАНА, 8 тамыз — Sputnik. Қазақстан мен Таиланд арасындағы тұрақты рейстер саны көбейтіледі, деп хабарлады ҚР инвестициялар және даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті.

Ұшақ әуежайға қонып жатыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Келесі жылы елімізде Еуропаға жаңа рейстер ашылады

Астанада Қазақстан Республикасы мен Таиланд корольдігінің авиация биліктері Air Astana, SCAT және Thai Airways әуекомпанияларының қатысуымен келіссөздер жүргізді.

Келіссөздер нәтижесінде Air Astana үшінші елдердің әукомпанияларымен код-шер келісім жасасу мүмкіндігіне ие болды. Жаңа құқықтың арқасында Таиланд қазақстандықтар үшін қазіргіден де қолжетімді болмақ.

Қазір елдердің арасында Алматы – Бангкок рейсі аптасына 5 рет, қыс мезгілінде тағы екі рейс ұшырылса, Астана – Бангкок рейсі 3 рет аттандырылады.

Ташкентке әуерейстері көбейді

Жаңалықтар
0