Қоғам

АҚШ-та ұсталған әйелдердің ата-анасы оқиғаның мән-жайын айтып берді

© AFP 2024 / OHAN ORDONEZҚолына кісен салынған әйел, архивтегі фото
Қолына кісен салынған әйел, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Америкада алаяқтық жасады деп қамауға алынғандардың туыстары Тараздан табылды

АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. АҚШ-та алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған қазақстандық 3 әйел бір-біріне туыс болып шықты. Үшеуі де – Тараз қаласының тумасы. Ал мұхиттың арғы бетінде жүріп қолға түскендердің жақындары болған жайды естіп төбесінен жай түскендей күй кешкен, деп хабарлады КТК. 

Айта кетейік, АҚШ-та нақ осы іс бойынша жалпы 25 адам ұсталды.

қолы кісенделген әйел, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
АҚШ-та үш қазақстандық әйелді 20 жылға түрмеге отырғызуы мүмкін

Нью-Йоркте ұсталған үш отандасымыздың екеуі қазір қамауда жатыр. Ал біреуі денсаулығына байланысты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.   

"Алаяқтықпен айналысты деген күдікпен ұсталды. Олар 1991, 1994-ші жылғы және 1970-ші жылғы. Қазір тергеу жүріп жатыр, бір аптаның ішінде сот болады, содан кейін белгілі болады", — деді ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Азиза Жалолова 24, Диора Аширова 27 жаста. Ал, Елена Құдайбергенова 48-де. Олар бір-біріне жақын туыс. 

Диораның әкесі Мирсұлтан Ахунжаевтың айтуынша, ол әйелімен 10 жыл бұрын ажырасып, келіншегі жалғыз қызын АҚШ-қа алып кеткен екен. Сондықтан қызымен соңғы рет бес жыл бұрын телефон арқылы ғана тілдесіпті.    

"Таңғалып әрі қорқып тұрмын. Мен ондай қыз тәрбиелеген жоқпын.Ол алданып қалды деп ойлаймын. Олардың немен айналысып, не істеп жүргендерін білмедім. Бірақ қызымның кінәсі жоқ деп сенемін", — дейді Диора Ашированың әкесі Мирсұлтан Ахунжанов. 

Азизаның да анасы қызының мұндай қадамға барғанына  сенбейді. Төбесінен жай түскендей болған әйел жүздесуден бас тартып, тек телефон арқылы ақпарат берді. Айтуынша, Азизаның мамандығы дәрігер екен.  Ол АҚШ-та жеке клиникада тұрақты қызметте болған. Ал осы көктемде тұрмысқа шыққан. 

Дәрігерлер 14 жасар қыздың кеудесіндегі аяқ-қолды кесіп тастамақ    

"5 жылдан бері сол жақта. Медициналық білімі болғандықтан сол жақта жекеменшік клиникада жұмыс істеген. Арандап қалды деп ойлаймын", — деп түсіндірді Азизаның анасы Лола.

Елді елең еткізген ақпарат шілде айының соңында тараған еді. Яғни АҚШ-та аляқтық жолмен раритеттік көліктерді сатумен айналысты деген күдікпен 25 адам ұсталған еді. 

Түрменің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Америкада ұсталған үш қазақстандықтың аты-жөні белгілі болды

Тергеу мәліметі бойынша, бұлар интернетке жалған жарнамамен машиналарды  саудаға шығарып, клиентерден ақшаның бір бөлігін алдын ала алып, кейін өздері таптырмай кететін болған. Сөйтіп, жалпы көлемі 4 жарым миллион доллар шығын келтірген. 

АҚШ полицейлерінің мәліметінше, қылмыстық топ құрамында Ресей,  Грузия сынды сегіз елдің азаматы болған. Үшеуі – біз айтып өткен тараздық әйелдер. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, әрқайсысы АҚШ заңы бойынша 20 жылдан 30 жылға дейін жаза арқалауы мүмкін.

22 жастағы абайлық жігіт үш жыл бойы зорланғанын жылап отырып айтып берді 

Жаңалықтар
0