Видео Канаданың Квебек провинциясында түсірілген. Кадрлардан айқын көрінгендей, орман ішінен адамға ұқсас құбыжық атып шығады. Өзі біртүрлі шалт қимылдайды екен, сиырға тап бергелі тұр ма, әлде жолдан қорқып тұр ма – түсініксіз.
Видеоны түсіріп алған куәгер "бұл не?" деп аң-таң. Әлеуметтік желі қолданушылары тылсым құбыжыққа ат қойып үлгерді: Голлум – Джон Толкиннің "Сақиналар әміршісі" шығармасындағы кейіпкер.
Видеоға түсіп қалған құбыжықтың не екені әлі анықталған жоқ.