Қоғам

Пойыз жолсерігі шетелдік студентке жоғалған әмиянын қайтарып берді

© Photo : pixabay/Andrew KhoroshavinӘмиян
Әмиян - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бойжеткен Қазақстанға Asia Deep Dive бағдарламасымен оқуға келген

АСТАНА, 7 тамыз — Sputnik. Қазақстанда саяхаттап жүрген сальвадорлық студент Андреа Эрнандес "ҚТЖ" ҰК" АҚ пойызында күтпеген жайтқа тап болған.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Пойыз жолсерігі жолаушыға ұмытып кеткен 2 млн теңгесін қайтарып берді

Бойжеткен "Астана-Қызылорда" пойызымен Астанадан Шымкент қаласына кетіп бара жатып әмиянын жоғалтып алыпты. Ол мұны Шымкент қаласына жеткен кезде бір-ақ біледі. Сөйтіп, Назарбаев университетінің студенттерінің көмегімен ҚТЖ компаниясына арыз берген екен.

Абырой болғанда, әмиянды пойыз жолсерігі тауып алыпты. Нұсқаулыққа сәйкес, тиісті актілерді толтырып, жоғалған затты "Жолаушылар тасымалына" өткізген. Әмиянын қайтарып алған студент қыздың қуанышында шек болмады, өйткені енді табылмайды деп әбден күдерін үзген болатын.

Андреа Эрнандес Гонконг қаласындағы Ғылым және Технология университетінде оқиды. Asia Deep Dive бағдарламасы арқылы Назарбаев Университетіне білім алуға келіпті.

© Photo : "Жолаушылар тасымалы" АҚШетелдік студент Андреа Эрнандес
Шетелдік студент Андреа Эрнандес - Sputnik Қазақстан
Шетелдік студент Андреа Эрнандес

"Біз Қазақстанға халықтың мәдениеті және салт-дәстүрімен танысуға келдік. Бағдарламаға сәйкес студенттер Қазақстанның оңтүстік өңірін аралауы тиіс болатын, пойызда құжаттарым мен ақшам салынған әмиянымды қалдырып кетіппін. Пойыз жолсерігіне алғысым шексіз, әмиянымды тауып, бүкіл құжатымды қаражатыммен бірге қайтарып берді", — дейді Эрнандес.

Тағы оқыңыз: Шымкентте кешіккен пойыздың жолаушылары жерге жатып ұйықтауға мәжбүр болды — фото

Жаңалықтар
0