Өңірлер

Елді шулатқан екі тиіннің бірі құлатылды

© Sputnik / Тимур БатыршинҚаскелеңдік тиін
Қаскелеңдік тиін - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күннің астында тұра берген соң алып тиін күйіп, өңі өзгере бастады

АСТАНА, 7 тамыз — Sputnik. Елді шулатқан екі тиіннің бірі құлатылды. Студенттер сабаннан тұрғызған кеміргіштің мүсінін сұрқы қашты деп сүріп тастаған, деп хабарлады КТК.

Алып тиін - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыдағы алып Тиіннің құны қанша?

Айта кетейік, студенттер алматылық тиіннің сыңарын жасап шығарған еді, алайда түп нұсқамен салыстырғанда бұл тиін су тегін болып шықты. Конструкцияға бірде-бір теңге жұмсалмаған. Мүсін Алматы облысы Қаскелең қаласындағы агросаябаққа қойылды. Туындыны 30 адам жұмылып, екі күнде бітірген болатын. Егіншілік институты мен жергілкті шаруалардың қолдауымен тұрғызылған мүсін 1 ай да тұрмады.

 Күннің астында тұра берген соң алып тиін күйіп, өңі өзгере бастады дейді мамандар. Кейіннен сабандары түсіп, алқам-салқамы шыққан. Дегенмен, аз уақыттың ішінде кеміргішке ауылдықтардың көзі үйреніп қалған еді.  


Жаңалықтар
0